10.12.2013, 18:31 12715

Астанада Тәуелсіздік күніне орай "Жырың болып төгілемін, елім" атты ақындар айтысы өтті

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтыстың бас жүлдесі 3 млн. теңгені және "Алтын домбыраны" Жандарбек Бұлғақовқа табыс етті.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада Тәуелсіздік күніне орай "Жырың болып төгілемін, елім" атты ақындар айтысы өтті, деп Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Іс-шараны "Нұр Отан" партиясының тікелей қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Оған жыл бойы республикалық айтыстарда бас жүлде алған ақындар, атап айтқанда - Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Жандарбек Бұлғақов, Жақсылық Орынбасар, Нұрмат Мансұров, Дидар Қамиев, Қанат Мырзахандар қатысты.

Дүбірлі додада үшінші орынды және 750 мың теңге сыйақыны Балғынбек Имашев иеленді. Екінші орын және 1 млн. теңгемен Нұрмат Мансұров марапатталды. Бірінші орын мен 2 млн. теңге ақшалай сыйлық Дидар Қамиевке табыс етілді.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтыстың бас жүлдесі 3 млн. теңгені және "Алтын домбыраны" Жандарбек Бұлғақовқа табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны