19.09.2016, 14:34 4683

Астанада театрдыӊ 90 жылдығына орай М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұражайыныӊ көрмесі ашылады

Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық музейі және М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен театрдыӊ 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырып отыр.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 20 қыркүйекте сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұражайыныӊ "Тарих толқынындағы театр шежіресі" атты көрмесініӊ ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық музейі және М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ел тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы мен театрдыӊ 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырып отыр.

Қазақ өнерініӊ қара шаӊырағы - М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры мұражайыныӊ 48 жылдық тарихы бар.

Мұражай жәдігерлері арасында әйгілі театр және кино актерларыныӊ сирек кездесетін фотосуреттері, әр жылдардағы сахналық киімдері, афишалар, спектакльдердіӊ макеттері мен эскиздері, театр өнері майталмандарыныӊ портреттері және жеке заттары, тағы басқа құнды заттар сақталған. Театрдыӊ 90 жылдық тарихынан сыр шертетін осынау жәдігерлер аталған көрмеге қойылып отыр.

Көрменіӊ салтанатты ашылуына КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтарыныӊ лауреаты, М.Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныӊ көркемдік жетекшісі - Асанәлі Ишімов, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығы лауреаты, театр директоры - Ерлан Біләлов, Қазақстанныӊ Халық артисі, профессор, кеӊесші - Есмұхан Обаев және Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" сыйлығыныӊ лауреаты, ҚР Журналистика Академиясыныӊ академигі - Илия Бөпежанова және т.б. өнер майталмандары қатысады.

Көрме 2016 жылғы 5 қазанға дейін өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны