14.09.2016, 15:21 3653

Астанада Тоқтар Төлешовке қатысты жабық сот басталды

Сот жабық түрде өтіп жатыр. Өйткені, қылмыстық істе мемлекеттік құпияларға қатысты деректер бар. Сотқа Ербол Ахметжанов төрағалық жасауда.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ мамандандырылған ауданаралық әскери сотында бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Қылмыстық іс жабық түрде қаралып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары сот дәлізін күзетуде.

Тоқтар Төлешов "Шымкентсыра" зауытыныӊ бұрынғы иесі болатын.

2016 жылдыӊ қаӊтарында Шымкентте күш құрылымдары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген. Арада алты ай өткен соӊ, яғни, маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеме жасай отырып, Тоқтар Төлешовке қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан екен. Жалпы, осы қылмыстық істе 25 фигурант бар.

Қылмыстық істегі басты жауапкер Тоқтар Төлешев бірқатар қылмыстар бойынша айыпталып отыр, олардыӊ арасында: адам ұрлау, өлтіру, заӊсыз бостандығынан айыру, билікті басып алуға жария шақыру, сондай-ақ билікті басып алу немесе ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оныӊ қызметіне қатысу, тонаушылық, ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым құру және оған басшылық ету сияқты айыптар тағылған.

Сондай-ақ ол қарулардыӊ, оқ-дәрілердіӊ, жарылғыш заттардыӊ және жарылғыш құрылғылардыӊ заӊсыз айналымына айыпталуда.

Сонымен бірге. Төлешовтіӊ өткізу мақсатынсыз есірткі заттарыныӊ заӊсыз айналымына қатысы бар екендігі жөнінде айып тағылуда.

Сот жабық түрде өтіп жатыр. Өйткені, қылмыстық істе мемлекеттік құпияларға қатысты деректер бар. Сотқа Ербол Ахметжанов төрағалық жасауда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны