05.06.2015, 11:54 3725

Астанада тоқтаусыз жауған жауын суынан кейінгі ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде

Еске сала кетейік, мамыр айыныӊ ортасында Астанада жауын-шашынныӊ айлық мөлшерден тыс жаууы салдарынан елорданыӊ коммуналдық қызмет түрлері бірнеше тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Қазіргі таӊда тоқтаусыз жауған жауын-шашынныӊ әсерінен жеке тұрғын секторларындағы үйлер мен аулаларда жиналған су қорларын, сонымен қатар, "АгроПромСтрой" ЖШС мердігер ұйымымен "Алматы" ауданында Оӊтүстік-шығыс шағын ауданыныӊ Құндызды көшесіндегі жалпы арақашықтығы 400 метр болатын жауын-су кәріздері жүйелерін абаттандыру арқылы жиналған су қорларын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жұмысты үстіміздегі жылдыӊ 15 маусымына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, мамыр айыныӊ ортасында Астанада жауын-шашынныӊ айлық мөлшерден тыс жаууы салдарынан елорданыӊ коммуналдық қызмет түрлері бірнеше тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Бұрын хабарланғандай, Астанада 5 су тазарту ғимараты салынып жатыр, тағы 8-і жобалану үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны