31.01.2007, 17:15 6637

Астанада толық өңделмеген тұрғын үйді пайдалануға беруге және мансарды құрылысына рұқсат беруге тыйым салынады

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанада толық өңделмеген үйді пайдалануға беруге тыйым салынады. Бұл жөнінде бүгін халыққа есеп беру кездесуінде астана әкімі Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз толық өңделмеген үйді қабылдамау туралы ұсынысымызды жолдадық". Тәжірибе көрсеткендей, бұл жаңа үйді пайдалануға және оны күтуге қиындық туғызады",-деді А.Мамин.

Оның айтуынша, "осы жылдан бастап мансард құрылысына рұқсат берілмейді".

"Мансард қабатын салу тәжірибе жүзінде өзін ақтамады, керсінше қосымша проблема туғызуда",-деп атап өтті әкім.

Сондай-ақ, А. Мамин жеке тұрғын үй құрылысының проблемаларына тоқталды.

Икімнің сөзіне сүйенсек, "жер телімдеріне деген сұраныс көп, қазіргі кезде тұрғын үй салу үшін 50 мың адам жер алу кезегінде тұр". "2030 жылға дейінгі Астананы дамыту және құрылыс салудың бас жоспарын түзету тұжырымдамасына сәйкес, жеке тұрғын үйлі он аудан орналастырмақпыз, жер берілгенге дейін құрылыс компаниялары инженерлік және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілуі тиіс",- деді астана басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ильинка, Нефтяников ауылдарында жобалау және инженерлік жұмыстар жүргізілуде, мұнда жеке тұрғын үй құрылысына жер беріледі.

"Ағымдағы жылы Астанада 2300 жер телімдерін бөлу көзделген, 2008 -2009 жылдары - 5900, ал 2100 жылы тағы 2200 жер телімдері бөлінеді",- деп атап өтті А. Мамин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны