13.06.2017, 15:16 3883

Астанада тұӊғыш Қазақстан-Қытай бірлескен "Композитор" киножобасы таныстырылды

2017 жылғы 8 маусымда Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Қытай Халық Республикасыныӊ басылым, кино, радио, телевизия мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілігімен бірлескен киноөндіріс туралы үкіметаралық келісімге қол қою аясында тұӊғыш Қазақстан-Қытай бірлескен "Композитор" киножобасы таныстырылды.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 8 маусымда Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ Қытай Халық Республикасыныӊ басылым, кино, радио, телевизия мәселелері бойынша мемлекеттік әкімшілігімен бірлескен киноөндіріс туралы үкіметаралық келісімге қол қою аясында тұӊғыш Қазақстан-Қытай бірлескен "Композитор" киножобасы таныстырылды. Бұл жобаныӊ өндіріс жұмыстарын Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы мен қытайлық "Shineworks Pictures" және "China film coproduction corporation" компаниялары бірлесіп атқарады.

Мәдени іс-шараға қатысқандар: Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қытай Халық Республикасы әкімшілігініӊ мемлекеттік баспасөз, кино, радио және телевизия министрі Не Чэньси (Nie Chenxi), Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ вице-президенті Серік Жұбандықов, "Shineworks Pictures" компаниясыныӊ президенті Джонатан Шень (Johnathan Shen ) және картинаныӊ түсіру тобы.

- Құрметті Қытай елінен келген мәртебелі қонақтар, қазақ еліне қош келдіӊіздер! Бүгін екі ел кинематографиясы үшін айтулы күн - тарихи сәт! Өйткені біз бүгін екі ел арасындағы бірлескен алғашқы киножобаныӊ басталғаны туралы жария етпекпіз. Достығы мығым көрші - Қазақстан мен Қытайдыӊ ынтымақтастығы артып, мәдени байланысы жылдан жылға нығайып келеді. Бұған дәлел бірлесіп қолға алған "Композитор" атты ауқымды жоба. Бұл фильм қазақ елі мен қытай елініӊ ұлы композиторлары - Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдыӊ достығы туралы. Бүгінде екі композитордыӊ достығы екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтуға септігі тиіп отыр, - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қытай Халық Республикасы әкімшілігініӊ мемлекеттік баспасөз, кино, радио және телевизия министрі Не Чэньси ҚР мәдениет және спорт министрлігіне құрметпен қарсы алғандарына және қытай фильмдерініӊ көрсетілімін ұйымдастыруға атсалысқандары үшін алғысын білдіре отырып, өзара сыйластық пен құрметке негізделген Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымаққа құралғанын айтты. "Екі елдіӊ ұлы композиторлары - Си Синхай мен Бақытжан Байқадамов туралы түсірілетін бұл фильм әлем өнер тарихыныӊ жаӊа парақшасы. Бұл бастама екі елдіӊ кинематографиясын жақындата түсетініне сенімім мол" деді ол.

- Біз қытайлық әріптестерімізбен фильмге қатысты барлық жұмыс үрдісін және түсірілім кезіндегі шығындарды теӊдей бөліп алдық. Түсірілімдер Қазақстанда өтеді. Ал монтаждау және компьютерлік графискасы Қытайда жасалынатын болады. Бұл бірлескен жоба екі ел кинематографистері арасындағы ынтымақтастықтыӊ нығаюына септігін тигізеді деп сенем, - деді "Қазақфильм" киностудиясыныӊ вице-президенті Серік Жұбандықов.

Сондай-ақ, презентация барысында вице-президент Қазақстан тарапынан жобаға қатысатын түсірілім тобы мүшелерін таныстырды. Фильмніӊ екінші режиссері және қоюшы суретшісі Сәбит Құрманбеков. Картинаныӊ желілік продюсерлері - Серік Ибраев және Зарина Кисикова. Фильмге отандық танымал актерлер - Берік Айтжанов пен Алтынай Нөгербек шақырылған.

"Композитор" фильмініӊ режиссері Шеризат Яқұб өз кезегінде былай деді: "Біз Қазақстан кинематографистерімен бірлесіп жұмыс істейтінімізге қуаныштымыз. Си Синхайдыӊ образын еліміздіӊ танымал актері Ху Джун сомдайтын болады".

Бірлескен киножобаныӊ түсірілімі туралы уағдаластық 2015 жылдыӊ 26 қыркүйегінде Қытайдыӊ Фучжоу қаласындағы "Жібек жолы" атты Екінші Халықаралық кинофестивалініӊ Бірлескен өнім форумында жасалды. 2016 жылы 2 қарашада "Қазақфильм" АҚ мен Shineworks Pictures қытай кинокомпаниясыныӊ ынтымақтастық туралы жұмыс атауы "Композитор" атты көркем фильмін бірлесіп өндіру, қаржыландыру, және бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды. 2016 жылдыӊ желтоқсанында фильм дайындық кезеӊіне өтті. Фильмніӊ басым бөлігі Қазақстанда түсіріледі. 2017 жылдыӊ мамырында аталған жобаны жүзеге асыруға байланысты "Қазақфильм" АҚ мен Shineworks Pictures және China film coproduction corporation атты Қытай кинокомпанияларыныӊ арасында үшжақты келісім жасалды.

Естеріӊізге сала кетейік, кеше Астанадағы "Қазмедиаорталығында" EXPO-2017 көрмесінде ҚХР павильоныныӊ ресми ашылуына орайластырылған, қытай киносы күндерініӊ ашылу салтанаты өтті. Қытай киносы фестивалі ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ қолдауымен өткізілуде. Фестиваль аясында, маусымныӊ 7 мен 18 аралығында, отандық көрермендер назарына Қытай кинематографиясыныӊ соӊғы жылдары жарық көрген үздік алты туындылары ұсынылатын болады.

Анықтама:

Си Синхай қысқа ғұмырында 500-ден астам тамаша әуендер жазған, сондай-ақ ол 10-ға жуық кинофильмдер музыкасыныӊ авторы. Алматыда өткізген жылдары ол "Ұлт азаттығы" симфониясын жазған. Азаттық пен отанға деген адалдықты жырлап, зорлық-зомбылық пен соғысқа қарсы бағытталған Си Синхайдыӊ шығармаларынан отанға деген махаббатын аӊғаруға болады.

1940 жылдыӊ соӊына қарай Си Синхай Қытай компартиясыныӊ ОК бұйрығы бойынша Мәскеуге іс-сапарға жөнелтіледі. Соғыс басталып кеткендіктен ол еліне қайта алмай қалады. 1942 жылы Моӊғолия арқылы Қытайға кету жоспары орындалмағандықтан Алматыға келеді. Туған еліне қайта алмай, ақыры Мәскеуде көз жұмады.

Тоқсаныншы жылдары Си Синхайдыӊ Алматыдағы екі жылы туралы деректерді іздеу басталады. Ақпараттар мен деректерді Бақытжан Байқадамов пен Михаил Иванов-Сокольскийдіӊ туысқандары береді. Нәтижесінде Си Синхайға арнап Алматыда естелік тақта орнатылады.

1998 жылы 3 шілде күні естелік тақтаны Президент Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев және ҚХР төрағасы Цзян Цзэмин ашады. Ал 1999 жылы 16 қарашада Алматы қаласында жаӊа қытай музыкасыныӊ негізін салушылардыӊ бірі - Си Синхай атындағы көше ашылады.

"Композитор" фильмі туралы ақпарат:

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, Shineworks Pictures және China film coproduction corporation бірлесе

Жанры: байопик

Редакторы: Зәуре Ерғалиева

Қоюшы режиссері: Шеризат Яқұб

Қоюшы суретшісі: Сәбит Құрманбеков

Продюсерлері: Серік Ибраев, Зарина Кисикова

Актерлер: Берік Айтжанов, Алтынай Нөгербек, Ху Джун(Hu Jun) және басқалар.

Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны