03.04.2012, 10:11 4174

Астанада тұрғын үй инспекциясы құрылды

Кеше, 2 сәуір, дүйсенбі күні Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен өткен жиналыста әкімдіктің жаңадан құрылған бөлімшесінің бастығы Талғат Рысбеков ұйымдастыру жұмыстары мен басқарма алдына қойылған міндеттер жөнінде баяндады.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - , - Елордада "Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" МК (тұрғын үй инспекциясы) құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, кеше, 2 сәуір, дүйсенбі күні Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен өткен жиналыста әкімдіктің жаңадан құрылған бөлімшесінің бастығы Талғат Рысбеков ұйымдастыру жұмыстары мен басқарма алдына қойылған міндеттер жөнінде баяндады.

"Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен елордадағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын атқарушы орган ретінде "Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы" ММ құрылды", - деп хабарлады Т.Рысбеков.

Тұрғын үй инспекциясы басқармасы міндеттеріне төмендегілер жатады:

- кондоминиум нысанының ортақ меншігіне техникалық тексеруді ұйымдастыру;

- кондоминиум нысанының ортақ меншігіне күрделі жөндеудің кейбір түрлерін өткізудің тізімін, кезегін анықтау;

- кондоминиум нысанын басқарушы орган ұсынған тұрғын үй бойынша жәрдем көрсету арқылы қаржыландырылатын кондоминиум нысанының ортақ меншігіне күрделі жөндеудің кейбір түрлерін өткізуге шығындар сметасын келісу;

-кондоминиум нысанының ортақ меншігіне күрделі жөндеудің кейбір түрлері бойынша жасалған жұмыстарды қабылдайтын комиссияға қатысу, т. б.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны