27.09.2018, 17:48 3139

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Осы оқу-жаттығудыӊ мақсаты биік ғимараттарда өрт пайда болған кезде шұғыл қызметтердіӊ жедел ден қоюы бойынша іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.

Астана. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "ParkAvenue 3-3" тұрғын үй кешені аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Осы оқу-жаттығудыӊ мақсаты биік ғимараттарда өрт пайда болған кезде шұғыл қызметтердіӊ жедел ден қоюы бойынша іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.

Бақылаушы ретінде ҚР Парламенті Мәжілісі Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше депутаттар В.И.Олейник, А.А.Смағұлов, Б.С.Дүйсембинов қатысты.

Оқу-жаттығу ойына сәйкес құрылыс жұмысын жүргізу барысында кабельдік желілердіӊ зақымдануынан кабельдік шахтадағы сымдардыӊ тұйықталуы орын алды, кейін кабельдер жанып, соныӊ салдарынан қою күйдіргіш түтін бөлініп, 5-қабаттан 18-қабатқа дейін таралды.

Объект күзеті өртті байқап, "101" телефон нөмірі бойынша өрт байланысыныӊ орталық пунктіне хабарлайды, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға және де бір мезетте өртті өрт сөндірудіӊ алғашқы құралдары арқылы өртті сөндіруге кіріседі.

Оқиға орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері және жол-патрульдік қызметініӊ ілесіп жүруімен шұғыл ден қою қызметтері жіберіледі. Оқиға орнына шұғыл жеткен Өрт сөндіру қызметініӊ өрт сөндірушілері жай-күйді жедел бағалап, шешуші бағыттарды анықтайды және жедел түрде әскери өрістету, өртті сөндіру және зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын бастайды. ПИК (пәтер иелерініӊ кооперативі), өзара әрекет ету қызметтері өкілдерімен бірлесіп, өрт сөндіру штабы ұйымдастырылады және өрт сөндіру мен адамдарды құтқару бойынша учаскелер құрылады.

Бөлімше газ-түтіннен қорғау қызметі буыныныӊ құрамында барлау жүргізеді, іздестіруді тоқтатпастан, зардап шеккендерді құтқарады және адамдарды эвакуациялайды.

Апаттар медицинасы орталығыныӊ қызметкерлері улы газбен уланған және электр тоғы салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жақын жердегі медициналық мекемелерге тасымалдайды. Оған дейін Орталық өӊірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы зардап шегушіні құтқарушыныӊ сүйемелдеуімен тігінен түсіреді. Қалалық электр желісі ғимарат пен аумақтағы электр энергиясын авариялық ажыратуды қамтамасыз етеді."Астана Су Арнасы" МКК өртке қарсы сумен жабдықтауды үздіксіз жүзеге асырады.

Жедел ден қою қызметініӊ үйлесімділігі мен жедел іс-қимылы нәтижесінде жалпы аумағы 50 шаршы метрді құраған шартты жану сәтті жойылды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны