30.06.2009, 12:02 3346

Астанада тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған қолжетімді тұрғын үйлерді сату жөніндегі комиссия жұмысқа кірісті

Астанада тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған қолжетімді тұрғын үйлерді сату жөніндегі комиссия жұмысқа кірісті

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылғы 30 маусымда елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапановтың төрағалығымен Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған қолжетімді тұрғын үйлерді жүзеге асыру жөніндегі комиссия жұмысқа кірісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Комиссия мұндағы ашықтылық пен тұрғын үйді бөлуге бақылау жүргізуді қамтамасыз ету үшін құрылған. Оның құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, "Нұр Отан" ХДП, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кіреді.

Тұрғын үй басқармасы мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар үшін өтініш қабылдауды 2009 жылғы 28 қаңтардан 27 наурызға дейін "Жастар сарайында" жүргізген болатын. Мұнан өзге, өтініш беру процедурасын жеңілдету үшін биылғы жылы құжат қабылдауды мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің кадр қызметтері арқылы жүргізу тәжірибесі енгізілді.

Екі айдың ішінде 28 090 өтініш қабылданды. Оның ішінде 5014-і жас отбасылардан, 9800-і мемлекеттік қызметшілерден, 6611-і бюджеттік сала қызметкерлерінен, 4123-і мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен және 2542-і басымды азаматтар санатына жатпайтындар.

Қазіргі кезде балдық шкала бойынша бағалау электронды дерек қорын әзірлеу аяқталды. Ирбір өтініш берушінің балын сапалы есептеу үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім және мәдениет басқармаларының уақытша іссапарлармен жіберілген қызметкерлері тартылды.

Комиссия үміткерлерді әрбір санат бойынша бірінші кезекте тиісті критерий кезегі бойынша қарайтын болады. Ал егер балы тең болған жағдайда, тұрғын үй комиссиясының шешімі үміткердің келесі санат кезегі критерийі бойынша басым дауысы бойынша қабылданады.

Комиссия барысында әрбір басымды санатқа жеңілдік анықталады. Өтініш қорытындысы бойынша "Қазақстанның Тұрғын Үй Жинақ Банкі" АҚ-ға төлем қабілеттілігін анқықтау үшін 5612 адам іріктеледі. Мемлекеттік бағдарламаның бұл кезегі бойынша қатысушылар тізімі Астана қаласы әкімдігінің сайтында орналастырылады.

"Қазақстанның Тұрғын Үй Жинақ Банкі" АҚ-да төлем қабілеттілігі анықталған өтініш иелеріне 4 пайыздық мөлшерде тұрғын үй займы беріледі. Кірісі жеткілікті болғанда өтініш иесі займды алғашқы жарнасыз ресімдеуге құқылы.

Одан әрі Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы тұлғасындағы өкілетті орган тұрғын үйді пайдалануға беру шараларында нысанды мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап, өтініш иесімен сату-сатып алу келісім шартын жасасады.

2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында оңтүстік Тілендиев даңғылында жалпы көлемі 247,7 мың шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй салынуда. 2009 жылдың 3-4 тоқсанында 5612 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның 3174 немесе 57 пайызы бір бөлмелі (31,3-38,2 шаршы метр); 1814 немесе 32 пайызы - екі бөлмелі (48,3-53,7 шаршы метр) және 624 немесе 11 пайызы - үш бөлмелі (65,3-68,8 шаршы метр). Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған жатқан тұрғын үйдің орташа құны бір шаршы метріне 56 515 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны