22.11.2012, 19:33 14354

Астанада Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының V конгресі өтуде

15 елден 40-қа жуық редакторлар мен жазушылар, ірі мәдениет қайраткерлері шақырылған халықаралық шараға Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі (ТИКА) мен Юнус Емре түрік мәдениет орталығы демеушілік жасаған. Шара бағдарламасы бойынша биылғы жылы да әдеттегідей "Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі" сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп, 2012 жылдың үздік әдебиетшісі анықталатын болады.

Астана. 22-қараша. Kazakhstan Today - ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы аясында Астанада Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының V конгресі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

15 елден 40-қа жуық редакторлар мен жазушылар, ірі мәдениет қайраткерлері шақырылған халықаралық шараға Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі (ТИКА) мен Юнус Емре түрік мәдениет орталығы демеушілік жасаған. Шара бағдарламасы бойынша биылғы жылы да әдеттегідей "Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі" сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп, 2012 жылдың үздік әдебиетшісі анықталатын болады.

Конгрестің мақсаты - түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы ұлттық тілдегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуын жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау.

"ТҮРКСОЙ - түркі тілдес халықтар арасындағы мәдени байланыстардың дамуына қызмет ететін бірден бір халықаралық ұйым. Біз туыс елдер мәдениетінің ортақ тұстарын, сөз өнерін насихаттауға, аталардан қалған асыл мұраларымызды өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, жадына жазуға тырысудамыз. Еуразия кеңістігі ұлан-ғайыр даласын мекен еткен түбі бір түркі жұртының ең ғажайып мұраларының бірі - сөз өнері. Бұл байлықтың қолданылуы, дамытылуы, ұрпаққа мирас етілуі адамзат алдында барлығымыздың қасиетті борышымыз", - деді ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов шараның ашылу салтанатында.

Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының Ү конгресінде түркі тілдес халықтардың бүгінгі әдеби өміріндегі әдеби журналдардың қызметі сарапқа салынып, "Түркі әлемінің әдеби байланыстары: өткені, бүгіні, келешегі", "Идебиет және әдеби журналдар", "Идеби аударма және басылым", "Идеби басылым және ұлттық тіл" атты мәжілістерде Түркия, Иран, Ирак, Қырым (Украина), Изірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ), Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косово, Солтүстік Кипрден және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасайды.

Конгрестің екінші күні, яғни 23 қарашада түркі халықтары арасында тарихы бай, көне басылымдардың бірі - "Жұлдыз" журналының 90 жылдық мерейтойы тойланады. Еуразия Жазушылар одағы және "Алтын Қыран" халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ертең, 23 қараша күні де жалғасын таппақ. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен соңғы бес жылда дәстүрлі шараға айналған Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының конгресі бұған дейін Түркия, Татарстан, Солтүстік Кипр және Изірбайжанда өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны