10.12.2018, 01:23 6204

Астанада Түркі Кеӊесі мемлекеттерініӊ жастар және спорт министрлерініӊ үшінші отырысы өтті

Бұдан бөлек, отырыс барысында ІV Халықаралық жастар лагерін және Түркі Кеӊесініӊ ІІІ Халықаралық жастар фестивалін өткізу мәселелері талқыланды.

Астана. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Дархан Кәлетаев Түркі Кеӊесі мемлекеттерініӊ жастар және спорт министрлерініӊ үшінші отырысына қатысты.

5 желтоқсанда Астанада Түркі Кеӊесі мемлекеттерініӊ жастар және спорт министрлерініӊ үшінші отырысы өтті. Аталған шара түркітілдес мемлекеттер мен жастардыӊ арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және ынтымақтастықты кеӊейтуге бағытталған.

Отырыс жұмысына Түркі Кеӊесініӊ Бас хатшысы Б.Иміреев, ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Түркияныӊ жастар және спорт министрі Мехмет Қасапоғлы, Қырғызстанныӊ жастар, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Мемлекеттік Агенттігініӊ директоры Қанат Аманқұлов, Изірбайжанныӊ жастар және спорт министрініӊ орынбасары Исмаил Исмаилов қатысты.

Өзініӊ құттықтау сөзінде Дархан Кәлетаев ұлттық тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрлерді сақтаудыӊ маӊыздылығына тоқталып, болашақ ұрпақтыӊ келешегініӊ табысы тікелей осы құндылықтарға байланысты екенін атап өтті.

ҚР Қоғамдық даму министрі кездесуге қатысушыларды ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Ұлы даланыӊ жеті қыры" атты мақаласымен таныстырып, түркі әлемі елдері арасында тығыз қарым-қатынас орнамаса аталған мақалада көрсетілген мақсат-мнідеттерден белгілі нәтиже шықпайтынын атап өтті.

Министр елдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудыӊ негізгі аспектілеріне тоқталып, Түркі кеӊесі жастарыныӊ ортақ алаӊыныӊ сәтті жүзеге асуы аталған жұмыстардыӊ тиімді болуына өз септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ, министр Қазақстан тарапы Түркі Кеӊесі жас көшбасшыларыныӊ ІІ Форумын өткізуге дайын екендігін білдірді. "Жастар жылы қарсаӊында бұл отырыс біз үшін өте маӊызды. Келесі жылы іс-шаралар өткізуде Түркі кеӊесіне қатысушы елдердіӊ қолдауына ие болғымыз келеді.Осылайша, 2019 жылы ҚазақстандаТүркі кеӊесі жас көшбасшыларыныӊ ІІ Форумын өткізуге дайын екенімізді жеткіземіз"-деді Дархан Кәлетаев.

Бұдан бөлек, отырыс барысында ІV Халықаралық жастар лагерін және Түркі Кеӊесініӊ ІІІ Халықаралық жастар фестивалін өткізу мәселелері талқыланды.

Естеріӊізге сала кетейік, Түркі кеӊесі қазіргі заманғы түркітілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым болып табылады, оныӊ басты мақсаты ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны