19.05.2014, 19:35 6857

Астанада ҰБТ-ға 88,7% оқушы қатысады

Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсыру күндері бекітілді. 2,4,6 маусым күні сынақ өтсе, 3,5,7-сі қайта қарау болмақ. Сынақ таңғы 9.00-де басталады. Емтиханның уақыты 3,5 сағат. Сынақтың нәтижесі сол күні сағат 18.00-ден кейін белгілі болады.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. 2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерді бітіретін түлектер саны 4042 адамды құрайды.

Қорытынды аттестацияның ҰБТ түріндегі сынағына 3588 оқушы (88,7%) қатысады. Соның ішінде 1777-сі қазақ тілді болса, 1811-і орыс мектептерінің түлектері. (2013 жылы бұл көрсеткіш 3073 оқушы болған). Ал дәстүрлі мемлекеттік емтиханға 454 бала қатыспақ (11,2%). Олар алыс және жақын шетелдерден келіп қазақстандық ЖОО-на құжат тапсыратындар.

Халықаралық олимпиада мен ғылыми жоба байқауларының қатысушылары ҰБТ-дан босатылатын болады. Олардың саны БҒМ бұйрығының шыққанынан кейін белгілі болмақ.

Астана қаласы бойынша ҰБТ тапсыру күндері бекітілді. 2,4,6 маусым күні сынақ өтсе, 3,5,7-сі қайта қарау болмақ. Сынақ таңғы 9.00-де басталады. Емтиханның уақыты 3,5 сағат. Сынақтың нәтижесі сол күні сағат 18.00-ден кейін белгілі болады. ҰБТ өткізу форматы өзгертілмеді. Ең төменгі ұпай 50-ді құрауы керек. Ал ұлттық университеттерге түсу үшін 70 ұпай қажет.

ҰБТ өткізу пунктері елордаолық 3 ЖОО-да орналастырылған. Олар: Л.Гумилев атындағы ЕҰУ (3 лекпен 1750 талапкер), ҚазМЗУ (2 лекпен 781 талапкер) мен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ (2 лекпен 1057 талапкер).

Білім беру басқармасы 11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған "Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу" атты ақпараттық материал дайындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны