30.05.2012, 08:54 2278

Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтеді

30-31 мамырда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтеді. Оған әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегация қатысады.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

30-31 мамырда Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтеді. Оған әлемнің 45 елінен 70-тен астам делегация қатысады.

Съезге даярлықтың соңғы мәселелерін талқылау мақсатында бүгін елордада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылар Хатшылығының XI отырысы өтіп жатыр.

Дін басшылары дінаралық және өркениетаралық диалогты тереңдету және өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Астанада бас қосқалы отыр.

IV съездің жұмысына діни конфессиялар мен қйымдардың жетекшілері, мемлекет басшылары, саясат және қоғам қайраткерлері, жаһандық халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысады.

Форумның құрметті қонақтарының қатарында Иордания Королі Абдалла ІІ, Катар мемлекетінің Имірі Шейх Хамад бен Халифа Ат-Тани, Дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Түрки, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл, Мұсылмандардың қос қасиетті қаласының қорғаушысы, Сауд Арабиясының Патшасы Абдалла Ил Аш-Шейхтің арнайы өкілі, әл-Азғардың Бас имамы Шейх, Ахмад Мұхаммад Ат-Тайиб, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова, Дүниежүзілік лютерандар федерациясының Бас хатшысы Мартин Юнге және басқалар бар.

ІV съездің басты тақырыбы -"Бейбітшілік және келісім - адамзат таңдауы" деп анықталып отыр. Съезд жұмысының барысында өзекті мәселелерді қамтитын тақырыптар форумның секциялық отырыстарының талқылауына ұсынылатын болады. Съездің секциялық отырыстары "Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін көшбасшыларының рөлі", "Дін және мультикультурализм", "Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер" және "Дін және жастар" деген төрт тақырыпты қамтиды.

Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің қорытынды құжаты ретінде Үндеу қабылданбақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны