21.07.2016, 21:03 4320

Астанада үлескерлер құрылысы бітпеген үйде тұруға мәжбүр

Астанада үш бірдей тұрғынүйдіӊ құрылысына ақша салған үлескерлер 1 миллиард теӊгесінен айырылып қалды. Прокурорлар құрылыс компанияларыныӊ басшыларыныӊ былығын әшкерелеп, қылмыстық істі сотқа жіберді

Астана. 21 шілде. Kazakhstan Today - Астанада үш бірдей тұрғынүйдіӊ құрылысына ақша салған үлескерлер 1 миллиард теӊгесінен айырылып қалды. Прокурорлар құрылыс компанияларыныӊ басшыларыныӊ былығын әшкерелеп, қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оӊбай алданған "Араби", "Араби -2", "Самал" кешендерініӊ тұрғындары. Еӊ өтімді жер "Экспо" қалашығыныӊ жанынан бой көтерген баспана 4 жыл бойы салынғанымен, құрылыс шала шарпы біткен. Арзан шаршы метрлерге қызыққан үлескерлер соӊында жарығы, жылуы, суы жоқ пәтерлерге кіруге мәжбүр болыпты. Алаяққа жем болғандарын кеш білген жүздеген адам, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

37 жастағы құрылыс компаниясыныӊ директоры Медет Бектеміровке қатысты арыз жазып, ақыры істі сотқа дейін жеткізіп отыр. Бірақ сапасыз салынған үй не сатуға не тұруға келмейді. Елорданыӊ ортасынан жайлы пәтер алмақ болғандар енді миллиардттап құйған теӊгелерін өндіріп алмақ. Ал адамдарды тақырға отырғызған бизнесмен бірнеше жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Гүлмира Арынова, үлескер:

-2012 жылы "Арабиге" 100 пайыздық үлесімізді салғанбыз. Содан бері үйіміздіӊ бітуін күтіп отырмыз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны