23.04.2009, 15:22 2852

Астанада үлестік құрылыс саласында "Қуат" корпорациясының екі нысаны ғана проблема тудыруда - әкім

Астанада үлестік құрылыс саласында "Қуат" корпорациясының екі нысаны ғана проблема тудыруда - әкім

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үлестік құрылыс саласында "Қуат" корпорациясының екі нысаны ғана проблема тудыруда. Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Елорданың даму мәселесіне арналған кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Астанада үлестік құрылыс саласында Қуат корпорациясының екі нысаны ғана проблемалы аймақ ретінде қалып отыр", - деді И. Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, ""БТА Банк" пен "Казкоммерцбанк" кепілдік мүлікті айырбастау жөніндегі келісімге келе алмай отыр, бұл - толықтай қаржыландыруға мүмкіндік бермейді".

"Бұл мәселе үкіметтік деңгейде шешілуде, премьер-министр соңғы кеңесте тапсырма берді, ол айрықша бақылауда. Барлық мәселелер келесі аптада шешімін табады", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны