12.05.2008, 18:48 20720

Астанада Ұлы Отан соғысының батырларына ескерткіштер тұрғызылуда

Астанада Ұлы Отан соғысының батырларына ескерткіштер тұрғызылуда

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Ұлы Отан соғысының ерлеріне арнап ескерткіштер тұрғызылуда , деп хабарлайды агенттік Астана әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, маусым айының аяғында Кеңес Одағының батырлары Илия Молдағұлова мен Бауыржан Момышұлына ескерткіштер тұрғызылады. "Бұл ескерткіштерді Қазақстанның өскін Елордасының 10 жылдық мерейтойына орай Ақтөбе және Жамбыл облыстары тарту етеді", -делінген хабарламада.

Икімшіліктің хабарлауынша, 20 маусымда ашылады деп жоспарланған Илия Молдағұлованың ескерткіш кешені Астананың орталығында, Жеңіс даңғылы мен 9-мамыр көшелерінің қиылысында орнатылып жатыр. "Аты аңызға айналған сұрмерген қыздың төрт метрлік қола мүсіні қызыл мәрмар тастан жасалған гранит іргетастың үстінде тұратын болады", -делінген хабарламада.

"Ал Есілдің сол жақ жағалуында, Елордасының жаңа әкімшілік орталығына таяу жерде Бауыржан Момышұлына арналған 11 метрлік ескерткіш тұрғызылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны