23.10.2018, 16:27 4714

Астанада Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа сапар ұйымдастырылды

Конференцияда антибиотикке төзімділік, өсімдік шикізатынан жасалған тиімді әрі қауіпсіз дәрілік препараттарды дұрыс қолдану сынды медицинадағы өзекті мәселелер қозғалды.

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Астанада ғылыми-практикалық конференция аясында Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа сапар жасалды. Конференция тақырыбы - "Фитониринг - фитомедицинадағы жаӊа дәуір, дәстүрден бүгінгі заманға қарай".

Конференцияда антибиотикке төзімділік, өсімдік шикізатынан жасалған тиімді әрі қауіпсіз дәрілік препараттарды дұрыс қолдану сынды медицинадағы өзекті мәселелер қозғалды. Бүгінгі күні бұл тақырып бүкіл әлемдегі, соныӊ ішінде Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселеге айналып отыр.

Мамандар антибиотикке төзімділікті тежеуге арналған басты шараларды қарастырып, емдеудіӊ баламалы тәсілі - Фитониринг тұжырымдамасы жайлы ақпарат берді. Еӊ соӊғы өндірістік технологияларды қолдана отырып, сапалы өсімдік шикізатынан жасалған стандартталған, тиімді әрі қауіпсіз дәрілік препараттар бүгінгі күні сондай баламалы ем тәсілі болып табылады. Бионорика компаниясы фитониринг тұжырымдасы арқылы болашақ фармацевтикада жаӊа саланы қалыптастырып отыр. Тиімділігі мен қауіпсіздігі көптеген ғылыми зерттеулермен дәлелденген жоғары тиімді әрі қауіпсіз дәрі-дәрмектерді жасап шығару мақсатында Фитониринг аясында табиғи белсенді заттардыӊ зор әлеуеті және де заманауи инновациялық технологиялар қолданылады.

Конференцияға Қазақстанныӊ бүкіл өӊірлерінен 200-ден аса делегат, республикамыздағы медициналық университеттердіӊ профессорлық-оқытушылық құрамы, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарыныӊ қызметкерлері мен мамандары (гинекологтар, урологтар, терапевтер, педиатрлар, нефрологтар), сондай-ақ, Германия мен Ресейдіӊ жетекші ғалымдары қатысып жатыр.

Мерейтойлы конференция аясында 2018 жылдыӊ 19 қазанында профессор Михаэль Попп "Nature Heart" қорындағы әріптестерімен бірге Астана қаласындағы "Нұрлы Жүрек" балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін психоневрологиялық орталыққа барып қайтты.

Ұлттық ғылыми-медициналық орталық ішінде экскурсияны "Ұлттық ғылыми-медициналық орталық" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжин өткізіп, ол ұйымныӊ қызметі жайлы айтып берді. Оныӊ айтуынша, бүгінгі күні Ұлттық ғылыми-медициналық орталық ғылыми және клиникалық зерттеулер аясында "Бионорика" компаниясымен ынтымақтастығын күшейтіп жатыр. Сапардыӊ соӊында Bionorica SE компаниясыныӊ қожайыны және бас директоры Михаэль Попп құрметті профессор атағымен марапатталды.

Анықтама:

Ұлттық ғылыми-медициналық орталық - бағаналық жасушаны клиникада қолдануға рұқсат алған Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы жалғыз орталық. Орталықта крио-банкпен бағаналық жасушаны трансплантациялауға арналған қазақстандық-америкалық зертхана ашылған. Еуро-Азиялық респираторлық қоғамныӊ штаб-пәтері. Ұлттық ғылыми-медициналық орталық Американыӊ NASA аэроғарышты зерттеу агенттігімен ынтымақтастық жүргізеді, сондай-ақ, ҚР-дағы кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтіӊ үйлестірушісі болып табылады.

Орталық командасы 395-тен аса медбике мен 300 дәрігерден (олардыӊ 60-тан астамы медицина ғылымдарыныӊ докторы), жетекші ғылыми қызметкерлерден, медицина ғылымдарыныӊ кандидаттарынан және PhD докторларынан құралған. Орталықтағы қызметкерлердіӊ барлығы - диагностика жасаудыӊ, науқастарды емдеу мен оӊалтудыӊ инновациялық тәсілдемелерін игерген жоғарғы білікті мамандар.

"Бионорика" компаниясы - Германиядағы және әлемдік нарықтағы өсімдік препараттарды өндіретіні көшбасшы компаниялардыӊ бірі. Қазақстандағы және басқа да елдердегі дәрігерлер мен фармацевтердіӊ "Бионорика" компаниясыныӊ препараттарыныӊ сапасына, сондай-ақ, еӊ жоғарғы деӊгейдегі клиникалық, фармакологиялық дәлелдік негізіне деген сенімі күннен күнге өсіп келеді. "Бионорика" компаниясы нарықтағы өз орнын күшейтіп, фитониринг тұжырымдамасын фитотерапия саласындағы "алтын стандарт" және де "болашақ фармацевтика" нарығындағы көшбасшы ретінде нығайтып келеді. Қазақстанда компанияныӊ тамақ ауруларын, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарын, бүйрек пен несеп шығару жүйесін, әйелдердегі гормоналдық бұзылыстарды емдеуге арналған препараттарыныӊ кеӊ тізімі ұсынылған. Илемніӊ 50-ден аса еліндегі медициналық мамандар, фармацевтер мен пациенттер 80 жылдан аса уақыттан бері "Бионорика" компаниясында өндірілген препараттарға сенімін білдіріп келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны