12.06.2008, 14:57 1478

Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады - Құл-Мұхаммед

Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады - Құл-Мұхаммед

Астана. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ұлттық телевидение орталығы салынады. Бұл туралы бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз жүзеге асыратын басты жобалардың бірі - Астанада ұлттық телевидение орталығын құру. Ол үшін біз биыл техника-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы сұрауымыз қажет болмақ. Келесі жылы жан-жақты жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болуға тиіс", -деді министр.

Осы орайда М. Құл-Мұхаммед "Астанада жаңа телемұнарамен біруақытта орталық салу жобасын үкімет басшылығы принциптік тұрғыда мақұлдап отырғанын" жеткізді.

Министрдің нақтылауынша, орталықта " "Хабар", "Ел арна", "Қазақстан", спутниковой телепрограммы Caspionet" спутниктік телебағдарламалары секілді мемлекеттік телекомпаниялардың кеңселері орналасатын болады.

"Бұл мәселені шешпейінше, жетекші ақпараттық агенттік - "Хабар" мен "Қазақстан" ұлттық телеарнасы жұмыс істеуге қолайсыз және оған лайықталмаған орындарда жұмыс істеп отырғанда отандық телевидениенің бәсекелестік қабілетін көтеруге қол жеткізе алмаймыз", -деді М. Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуынша, кейінгі үш жылда ақпараттық саланы қаржыландыру көлемі шамамен 40%-ға өсіп, 12 млрд теңгеден асты.

Тұтастай алғанда, министрліктің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 8340 БАҚ тіркелген, олардың 2544-і жұмыс істеуде. Соның ішінде ел бойынша 215 электронды бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны