08.01.2015, 21:01 3867

Астанада ҰОС ардагерлеріне 579 млн теӊге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі

Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне, тыл еӊбеккерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теӊестірілген тұлғаларға жалпы алғанда 579 млн теӊге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Астана. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жеӊістіӊ 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне, тыл еӊбеккерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теӊестірілген тұлғаларға жалпы алғанда 579 млн теӊге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ хабарлауынша, бүгінгі таӊда елордада 228 ардагер тұрып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ жыл сайынғы Жолдауында белгіленген әлеуметтік саясат саласындағы маӊызды басымдықтардыӊ бірі - Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларын әлеуметтік қолдау бойынша қосымша шаралар қолдану болып табылады. Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге баса назар аударылады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Ай сайын жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, оларға теӊестірілген тұлғаларға:

- коммуналдық қызметтер төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі;

- қалалық жолаушылар көлігімен жол жүруге жеӊілдіктер жасалады;

- тіс протездеу;

- санаториялық-курорттық емдеу;

- дәрілік заттардыӊ бекітілген тізіміне сәйкес амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету қызметтері ұсынылады;

- ҰОС ардагерлеріне жергілікті мерзімді басылымдарға жазылу, моншаға, шаштаразға бару үшін бір реттік ақшалай төлемақы төленеді.

- атаулы және мерекелік күндерге орай ақшалай төлемақы түрінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны