30.04.2015, 21:47 7663

Астанада ҰОС ардагерлерініӊ аллеясы ашылды

Шара барысында ҰОС ардагерлеріне арналған құрмет аллеясында атаулы көшеттер отырғызылды, сонымен қатар, Отан қорғауда ұрпақтар сабақтастығын айқындайтын естелік капсуласы орнатылды. Құрмет аллеясы - бейбітшіліктіӊ, бірліктіӊ символы. Генерал-майор В. Петров жиналған қауымды келе жатқан Жеӊіс күнімен құттықтады

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ ТЖД №2 өрт сөндіру бөлімшесі аумағында ҰОС ардагерлері мен тыл еӊбеккерлеріне арналған құрмет аллеясы ашылды. Аллеяныӊ салтанатты ашылуы рәсіміне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ төрағасы, генерал-майор Валерий Петров, соғыс ардагерлері Иван Заиченко, Қасенбай Қабдуалиев, Владимир Демчихин, сондай-ақ, тыл еӊбеккерлері, соғыста қаза болған жауынгерлердіӊ туыстары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара барысында ҰОС ардагерлеріне арналған құрмет аллеясында атаулы көшеттер отырғызылды, сонымен қатар, Отан қорғауда ұрпақтар сабақтастығын айқындайтын естелік капсуласы орнатылды. Құрмет аллеясы - бейбітшіліктіӊ, бірліктіӊ символы. Генерал-майор В. Петров жиналған қауымды келе жатқан Жеӊіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Құрмет аллеясы отанымызды жаудан қорғап қалған қаһарман аталарымызға, майдангерлерге деген тағзым деп білеміз, - деді В. Петров.

Астана қаласы ТЖД басшысы, өрт сөндіру қызметініӊ полковнигі Барат Дұзақпаев өз кезегінде барлық ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, олардыӊ ерлігі мәӊгі ұрпақ жадынан өшпейтінін атап өтті.

Құттықтау сөздерінен кейін №4 мектеп оқушылары аспанға күлгін түсті шарлар жіберді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны