15.02.2008, 15:38 2834

Астанада үстіміздегі жылы Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісі құрылатын болады

Астанада үстіміздегі жылы Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісі құрылатын болады

Астана. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның астанасында үстіміздегі жылы Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісі құрылатын болады. Бұл турады бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Астана әкімі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Бүгінгі күнде астананың 15 пунктінде 26 хот-спот орнатылған. 2008 жылы Интернет желісіне жаппай қосылатын тағы 46 орын орнату жоспарлануда. 2008 жылы Астанада кез-келген пункттен Интернетке кеңейтілген түрде қосылатын "пилотты жобаны" енгізу жоспарлануда",- деді А. Мамин.

Икімнің айтуынша, әңгіме Интернетке сымсыз қосылудың орталықтандырылған желісін құру (Wi-Fi) туралы болып отыр. "Негізінен желі білім беру мекемелерінде, ойын-сауық және сауда орталықтарында монтаждалатын болады. Сөйтіп, қаланың халық көп жиналатын орындарының барлығында дерлік Интернетке қосылуға болады",- деп атап көрсетті қала басшысы.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Wi-Fi технологиясы бойынша қосылу орындары Астананың халықаралық әуежайында, Еуразиялық ұлттық университетінде және Астананың кейбір сауда орталықтарында жұмыс істеуде. А. Мамин сондай-ақ, Астанада Интернетке жоғары жылдамдықпен сымсыз қосылу желісін ұйымдастыру жобасы жүзеге асырылғандығын еске сала кетті. Ол бір уақытта кабельдік инфрақұрылымынсыз телефон байланысы қызметін көрсету және мәліметтер беру мүмкіндігін береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны