02.12.2018, 14:22 4946

Астанада үздік қазақтілді интернет сайт байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Байқау мақсаты - интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардыӊ саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласында ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ сыйлығына Үздік қазақтілді интернет сайт байқауыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры, Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырды.

Байқау мақсаты - интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардыӊ саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.

Марапаттау рәсіміне ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ, мәдениет қайраткерлері және белгілі журналистер қатысты.

Өз құттықтау сөзінде ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры атқарушы директорыныӊ кеӊесшісі Илия Қайшарова"Байқауға қатысқан қазақсайттарыныӊ саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биылдыӊ өзінде республиканыӊ түрлі аймақтарынан 30-ға жуық өтінімдер жіберілді. Ал үш жылдыӊ ішінде байқауға 100-ден астам өтінім түсті. 17 қазақтілді интернет сайт лауреат және ақшалай сыйлыққа ие болды", - деді.

Байқауға ғаламтор кеӊістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, мемлекеттік тілде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты.

Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардыӊ дәріптелуі, патриоттық тақырыптардыӊ үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Жеӊімпаздар 8 номинация бойынша анықталды.

"Өткір тіл"аталымы бойынша үздік интернет-сайт www.silteme.kz, "Рухани азық" аталымы бойынша www.salseri.kz, "Шынайы өмір" аталымы бойынша www.qazir.kz, "Спорт тынысы" аталымы бойынша www.argymaq.kz, "Білім бұлағы" аталымы бойынша www.эрудит.kz, "Жастар әлемі" аталымы бойынша www.univerlife.kz,"Аймақ айнасы" аталымы бойынша www.mediaon.kz, "Балаларға базарлық" аталымы бойынша www.dapter.kzпорталы жеӊімпаз атанды.

Байқау жеӊімпаздары ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ дипломдары мен ақшалай сыйлығына ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны