22.05.2013, 17:59 7905

Астанада VI Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Шараға әлем көшбасшылары дүниежүзілік қаржы жүйесінің өзгеруі мен жаһандық трансформация жағдайында әлемдік экономиканың даму жолдарын талқылау үшін жиналды. Форумның бастамашысы ҚР Президенті Н. Назарбаев болса, бас ұйымдастырушысы - "Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығы. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, биылғы форумға Нобель сыйлығының 10 лауреаты, мәртебелі делегаттар қатысады.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында VI Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шараға әлем көшбасшылары дүниежүзілік қаржы жүйесінің өзгеруі мен жаһандық трансформация жағдайында әлемдік экономиканың даму жолдарын талқылау үшін жиналды. Форумның бастамашысы ҚР Президенті Н. Назарбаев болса, бас ұйымдастырушысы - "Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығы. Қауымдастық өкілдерінің айтуынша, биылғы форумға Нобель сыйлығының 10 лауреаты, мәртебелі делегаттар қатысады.

Форумға 100-ден астам мемлекеттен 11 мыңнан аса қатысушы келді. Форумға 35 қазіргі және бұрынғы министрлер, 40-тан астам халықаралық ұйымдардың, корпорациялар мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысуда. Форум қорытындысы бойынша G-20 мемлекеттеріне әлемдік экономиканың одан әрі дамуы үшін ұсыныстар парағы әзірленеді. Изірленген ұсыныстар G-8 және G-20, Халықаралық валюталық Қорына, Дүниежүзілік Банкке, БҰҰ және экономикалық ықпалдастық пен даму бойынша ұйымына жіберіледі.

Шара аясында "Инфрақұрылымды құру мен дамыту жолы арқылы туризм индустриясының тұрақты дамуы" атты панельдік сессиясы өтеді. Мақсат - Қазақстан туристік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жолын іздеу. Оған: Дүниежүзілік Туристік ұйымның атқарушы директоры Фредерик Пиере, Хорватияның экс-президенті Степан Месич, Тунис туризм министрі (2007-2010 жж.) Хелил Лайими және туристік қауымдастықтар мен дербес іскери орталардың өкілдері қатысады.

VI Астана экономикалық форумы аясында жастардың ІІ Бүкіләлемдік "Global ұрпағы: тұрақты экономикалық даму үшін жастар бастамасы" атты экономикалық форумы өтеді. Жастар форумының спикерлерінің бірі - заманауи менеджмент ұстазы Ицхак Адизес.

Сонымен қатар, бүгін форумда Нобель иегерлерімен Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласын инвестициялау, технопарктер мен мұнай мұражайын ашу және "Нобель отбасының мұрасы" атты қорды құру жайы талқыланады. Сессия барысында Густав, Питер және Филипп Нобельдер қатысушыларды Қазақстандағы "Ағайынды Нобельдер" атты Мұнай өндірісі бірлестігінің тарихымен таныстырып, технопарктер ашу туралы, Қазақстандағы жаңа технологиялар мен инновацияны енгізу және оларды инвестициялау жайын талқылайды.

"Мемлекеттік басқарудың жаңғыртылуы жағдайындағы саяси менеджменттің дамуы" атты панельдік сессиясы да өтеді. Сессия барысында ҚР-дағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту жүйесі талқыланады. Спикерлер: Мадрид Клубының Бас хатшысы Вестендорп Карлос, Гарвард Мектебі Кеннеди атындағы мемлекеттік саясат профессоры Фади Фара, "Біртұтас Ресей" Мәскеу партиялық мектебінің директоры Владимир Поздеев және т.б.

"Болашақ энергиясының біздің өмірімізге ықпалы" атты панельді сессиясы өтеді. Ондағы спикерлер арасында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров, Орталық Азия бойынша Кембридж форумының төрағасы, Сидхарт Саксена; "Наследие" қорының аға ғылыми қызметкері Ариэль Коуэн , "KAZENERGY қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары" заңды тұлғалар бірлестігі Бас директоры Исет Мағауов бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны