28.10.2018, 14:09 4917

Астанада VI Қазақстан тарихшыларыныӊ ұлттық Конгресініӊ отырысы өтті

Конгресс жұмысыныӊ негізгі мақсаты - Мемлекет басшысыныӊ қоғамдық сананы жаӊғырту және рухани жаӊару саласындағы тарихи бастамаларын қолдау, тарихи ғылым мен білімніӊ өзекті мәселелерін талқылау.

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2018 жылдыӊ 25 қазанында XV Халықаралық Еуразиялық Ғылыми Форумы аясында "100 жаӊа оқулық" бағдарламасы бойынша қазіргі заманғы отандық тарих және гуманитарлық білімдер туралы VI Қазақстан тарихшыларыныӊ ұлттық Конгресініӊ отырысы өтті.

Конгресс жұмысыныӊ негізгі мақсаты - Мемлекет басшысыныӊ қоғамдық сананы жаӊғырту және рухани жаӊару саласындағы тарихи бастамаларын қолдау, тарихи ғылым мен білімніӊ өзекті мәселелерін талқылау.

Қазақстанда табысты жүзеге асырылып келе жатқан "Рухани жанғыру" президенттік бағдарламасы қоғамныӊ кеӊ ауқымды жаӊғыртуыныӊ негізі болып табылады, бұл біздіӊ Қазақстан халқыныӊ рухани тәжірибесіне негізделген жаӊа тарихи кезеӊге енуімізге, өздерініӊ ұлттық кодекстерін және ерекше мәдениетін сақтауға мүмкіндік береді.

Мақсаты - "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа кітап" жобасыныӊ аясында қазақ тіліне аударылған 18 кітапты енгізу үдерісін қарау және талдау.

Конгресстіӊ қатысушылары: Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарыныӊ басшылары, шетелдік және отандық ғалымдар, Қазақстан Республикасыныӊ жоғары және орта оқу орындарыныӊ оқытушылары, орта мектептердіӊ мұғалімдері, Қазақстан Республикасы мұрағаттық және облыстық мұражай қызметкерлері, Қазақстан Республикасы және Астана қаласындағы ЖОО докторанттары мен магистранттары.

Өткізіліп отырған іс-шаралар Еуразия халықтарыныӊ тарихи-мәдени мұраларын тереӊірек зерттеу мен талдауға және гуманитарлық білім саласындағы шығармашылық жұмыстардыӊ жаӊа көкжиектерін анықтауға ықпал етеді.

Мақсаттары мен міндеттері:

- "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптардыӊ тұсаукесері.

- "Тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы интеграция" дөӊгелек үстелі.

- Тарих ғылымын дамытудыӊ қазіргі кезеӊінде дәстүрлі қоғамдарды, Қазақстан халықтарыныӊ тарихи-мәдени мұрасын зерделеудегі жаӊа тұжырымдамалық тәсілдердіӊ еӊ тиімді әдіснамалық стратегияларын және негізділігін анықтау;

- отандық және шетелдік тарихи-жазу мен дереккөз зерттеулерін жүйелеу;

- материалдық және мәдени құндылықтардыӊ объектілерін сақтау және қалпына келтіру үшін жағдай жасау;

- Ұлы дала өркениетініӊ мәдени мұрасын сақтау бойынша жұмыстарды орындау үшін археологиялық және этнологиялық зерттеулер жүргізетін жетекшілердіӊ жеке жауапкершілігін рәсімдеу; - "Қазақстанныӊ қасиетті географиясы" жобасын одан әрі дамыту және енгізу; Еуразия аумағында қасиетті орындардыӊ сақталуын насихаттау, осы географиялық аймақтағы қазіргі уақыттағы рухани мұраны үздіксіз байланыстыруды қамтамасыз ету;

- Еуразия халықтарыныӊ мәдени мұраларын сақтау мен насихаттау саласындағы ғылыми-сарапшылық қауымдастық өкілдері мен жас зерттеушілер үшін Қазақстан Республикасы Президентініӊ және Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ гранты және наградалары туралы Ережені әзірлеу мен іске асыру туралы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

- цифрлық технологиялар арқылы мәдени мұраны сақтау бағдарламасын дамыту;

-деректерді өндіруге негізделген зерттеу материалдарын жинау және визуализациялау, оларды құрылымдау және ақпаратқа қол жеткізу;

VI Тарихшылар конгресі қоғамдық сананы жаӊғырту тұрғысында Қазақстан халықтарыныӊ тарихи-мәдени мұраларын зерттеу мен жаӊартуға негізделген заманауи ғаламды әлемніӊ даму перспективаларын ғылыми тұрғыда түсінуге бағытталған.

Тарихшылардыӊ ұлттық конгресініӊ қатысушылары қазақ халқыныӊ рухани әлеуетін одан әрі зерттеу, сақтау және дәріптеу жұмыстарына үлес қосады.

Сонымен қатар, танымал ғалымдар мен тарихшылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері ұлттық тарихтыӊ маӊызды мәселелерін талқылап, Қазақстанныӊ қазіргі заман тарихын зерделеудіӊ жаӊа әдіснамасын дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресініӊ төрағасы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов.

Анықтама үшін: 2017 жылдыӊ 25 мамырында өткен Қазақстан тарихшыларыныӊ V ұлттық конгресінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы талқыланып, бұл ғалымдар арасында үлкен қолдау тапты.

2011 жылдыӊ 16 қыркүйегінде Қазақстан тарихшыларыныӊ I Конгресі: "Тәуелсіз Қазақстанныӊ мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму кеӊістігі" тақырыбын талқылаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны