06.05.2008, 15:13 2866

Астанада ВИЧ індетін жұқтырған балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық концерт өтті

Астанада ВИЧ індетін жұқтырған балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық концерт өтті

Астана. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанадағы Орталық стадионда қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен ВИЧ індетін жұқтырған балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық концерт өтті, деп хабарлайды агенттік қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

"Иділет" демократиялық партиясы, Бағдат Рүстемовтың BagaRus Ent продюсерлік орталығы мен Орталық Азиялық географиялық қоғамы басқарған бастамашы топ Астанадағы Орталық стадионда қазақстандық эстрада жұлдыздардың қатысуымен ВИЧ індетін жұқтырған балаларды қолдау мақсатында қайырымдылық концерт өткізді.

Икімдіктің мәліметінше, қайрымдылық шарасы "Жұлдыздар - еліміздің балаларына" деген атпен өтті. Бұл шара "Қазақстанның эстрада жұлдыздары -Шымкенттік балаларға" деген атаумен 2008 жылдың 7 сәуірінде өткен қайырымдылық шараның жалғасы.

Қаржы жинау мен оны таратуға айқын әрі ашық бақылау жасау үшін жобаның қамқорлық кеңесі құрылған. Оған Қазақстан қалаларының әкімшілік өкілдері, денсаулық сақтау министрлігі, бейресми ұйымдар, БАҚ-тар мен Қазақстанның эстрада жұлдыздарынан өкілдер кірген.

Осындай концерттер Қарағандыда (6 мамыр) және Алматыда (13 мамыр) өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны