24.02.2019, 20:36 11943

Астанадағы жастар саясаты жұмыспен қамтумен тығыз байланысты болады

Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеру үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Сонымен қатар, оқу кезінде толық әлеуметтік пакет - жатақханамен қамтылу, тегін жол жүру және тамақтану, шәкіртақының төленуі қарастырылған.

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Астана әкімі Жастар жылында қала әкімшілігі тарапынан жастарды қолдауға бағытталған іс-шаралар жайлы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Халыққа есеп беру кездесуі барысында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов "Жастар" сарайының форматы өзгеретінін, оның базасында жастар хабы құрылатынын атап өтіп, оның жастар ұйымдары мен мемлекеттік органдарды байланыстырушы мекемеге айналатындығын алға тартты. Сонымен қатар, жалпы табысы кедейлік шегінен аспайтын көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін қаладағы ЖОО-на жеке білім гранты ұсынылатын болады. Сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды меңгеру үшін техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде қосымша 1 мыңнан астам грант қарастырылған. Сонымен қатар, оқу кезінде толық әлеуметтік пакет - жатақханамен қамтылу, тегін жол жүру және тамақтану, шәкіртақының төленуі қарастырылған.

"Бұл - студенттер үшін жақсы жаңалық. ЖОО-ның түлектері жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Астанада жұмысқа орналаса алады. Осылайша жастар өзіне қажетті тәжірибе жинақтайды. Ал, Бизнестің жол картасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білім және қажетті барлық кеңестер алып, жеңілдетілген несиені субсидиялау бағдарламасының қатысушысы бола аласыз", - деді Б. Сұлтанов Астананың жастар саясаты жұмыспен қамтумен тығыз байланысты болатындығын атап өте отырып.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны