13.07.2012, 15:23 3267

Астанада жаһандық телемедициналық жүйе ашылады

Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы базасында жаһандық телемедицина жүйесі ашылады, деп хабарлады орталық басшысы Кеннет Илібек Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - Астанада жаһандық телемедициналық жүйе ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы базасында жаһандық телемедицина жүйесі ашылады, деп хабарлады орталық басшысы Кеннет Илібек Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Үстіміздегі жылдың ІІІ тоқсанында біз жаһандық телемедицина жүйесін ашамыз. Осының арқасында біз осы жылдың өзінде-ақ Питтсбург университеті онкологиялық орталығының мүмкіндіктерін пайдаланып, пациенттерге кеңес бере аламыз", - деді К.Илібек.

Сонымен қатар, ол қазіргі кезде Астанада онкологиялық орталық құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. "Мұндай орталық құру - бұл тек құрылыс мәселесі ғана емес, бұл қазіргі жұмыс істеп тұрған клиникалардың мүмкіндіктерін кеңейту де, біз бүгінде осы мақсатта еңбек етудеміз", - деді К.Илібек.

Осылайша, биыл орталық құрудың жоба алдындағы ұйымдастыру жұмыстары басталып та кетті. Бүгінде Ұлттық медициналық холдингтің барлық орталықтары кеңейтуге байланысты өз мүмкіндіктерін саралап, негізі орталықтың құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып-ақ, жұмысты бастап кетуді ойластыруда. "Біз өз орталығымызда тақау арада 60 төсектік онкологиялық бөлім ашуды жоспарлап отырмыз", - деп қосты Жедел медициналық жәрдем орталығының басшысы.

Қазіргі кезде бұдан басқа да ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. "Бұл емдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеудің және АҚШ-та әзірленген әдістерді өмірге енгізудің американдық-қазақстандық зерттеу жобалары. Біраз уақыттан кейін өзіміз ұсына алатын технологиялар тұрғысынан қарағанда да, біз мақтаныш ететін нәрселер болады деп ойлаймын", - деп қорытындылады сөзін К.Илібек.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, Астана қаласында Ұлттық медициналық холдинг базасындағы жаңа Ұлттық ғылыми онклогиялық орталық құру мәселелі қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны