28.03.2012, 12:04 3425

Астанада жалға берілетін пәтерлердің бағасы төмендеуі мүмкін

Қазақстандық жылжымайтын мүлік порталының хабарлауынша, 2012 жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй нарығындағы жалға беру ставкалары көрсеткішінің айтарлықтай төмендегені тіркелді.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада жалға берілетін пәтерлердің бағасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандық жылжымайтын мүлік порталының хабарлауынша, 2012 жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй нарығындағы жалға беру ставкалары көрсеткішінің айтарлықтай төмендегені тіркелді.

Мәселен, елордада пәтерді жалдау аталған кезеңде орташа алғанда айына 715 долларға тең болған. Сонымен бірге, жалға ұсынылған пәтерлер саны 2011 жылдың 4-інші тоқсанымен салыстырғанда 49 пайызға артқан. Бұнымен қоса, "қымбат" саналатын үйлерді жалдау бағасы 34,2 пайызға, ал "арзан" үйлер бағасы 17,9 пайызға төмендеген. Пәтерлердің негізгі бөлігі - 83 пайызы оң жағалауға тиесілі болып табылады. Ал сол жағалаудағы ұсыныс көрсеткіші 17 пайызға дейін төмендеген.

Сонымен қатар, мәліметтерге қарағанда үй иелерімен бірге тұру үшін немесе бірлесе жалдау үшін ұсынылған пәтер бөлмелері жекелеген пәтерлер санынан асып түскен.

Онымен бірге, аумағы үлкен пәтерлерге қатысты ұсыныстардың 2 пайызға төмендегені байқалады. Жалпы 2011 жылдың 4-інші тоқсанымен салыстырғанда барлық форматтағы пәтерлерге ұсыныстар саны төмендеген. Ал құрылысы жаңа біткен үйлердегі пәтерлерді жалға беруге ұсынылғандар саны сол жағалауда 62 пайызды, ал оң жағалаудың аудандарында 38 пайызды құрады.

www.kn.kz интернет-ресурсының жалға беру ставкалары баспана санатына қарай былайша жіктелген: эконом класс айына - 513 доллар, бизнес класс - 751 доллар, элиталы класс - 1 мың 147 доллар.

Портал сарапшыларының пайымынша, алдағы уақытта тұрғын үй нарығында жалға беру үшін ұсынылатын пәтерлер саны арта түседі. Соған орай жалға берудің орташа ставкалары төмендеуге бейім. Бұдан бөлек "қымбат" және "арзан" үйлер арасындағы баға айырмашылығы төмендегені байқалып, жалға берілетін үйлердің табысы да нарықтың барлық сегментінде қысқарған. Жақын перспективада жалға беру ставкалары 5-10 пайыз шамасына қысқарып, айына орташа алғанда 700 долларға дейін төмендеуі болжанады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны