01.12.2012, 14:39 3378

Астанада жаңа амбулаториялық-поликлиникалық кешен ашылады

"1 желтоқсанда Астана қаласы Аманат көшесі мекен-жайындағы бір ауысымда 500 келушіні қабылдай алатын амбулаториялық-емханалық кешені ашылады. Амбулаториялық-емханалық кешен (АЕК) Оңтүстік Шығыс шағын ауданының оң жағында орналасқан. Аталған АЕК қуаты бір ауысымда 500 келушіге есептелген.

Астана. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада жаңа амбулаториялық-поликлиникалық кешен ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мекеме күніне 500 адам қабылайды деп күтілуде.

"1 желтоқсанда Астана қаласы Аманат көшесі мекен-жайындағы бір ауысымда 500 келушіні қабылдай алатын амбулаториялық-емханалық кешені ашылады. Амбулаториялық-емханалық кешен (АЕК) Оңтүстік Шығыс шағын ауданының оң жағында орналасқан. Аталған АЕК қуаты бір ауысымда 500 келушіге есептелген.

Емхана бір аусымда 350 ересек келуші мен 150 баланы қабылдайды", - делінген Астана қаласының ресми сайтында.

Жаңа АЕК-ның күндізгі стационарына басшылық жағдайды барынша жақсы етуге тырысқан. Жоғары деңгейдегі зертханалық-сараптамалық бөлімшесінде ересектер мен балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, №6 қалалық емханасы аумағына қарасты тұрғындарға толық көлемдегі стационарға балама бола алатын кең ауқымды қызмет көрсете алады.

Емханаға заманауи медициналық жабдықтар толтырылған. АЕК құрамында түрлі деңгейдегі хирургиялық операцияларды орындай алатын амбулаториялық хирургиялық орталық та бар. Мәселен, хирургиялық науқастарға эндоскопия және гинекология саласында ота жасауға болады.

Қоса кетелік, емханада оңтайландыру және қалпына келтіру емі, сумен емдеу, емдік дене шынықтыру бөлімшелері де бар

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны