15.02.2008, 16:37 2660

Астанада жаңа баспана құрылыстарында жеке дара үйлерді тұрғызуға және кварталішілік аумақтарды тығыздандыруға жол берілмейді - Мамин

Астанада жаңа баспана құрылыстарында жеке дара үйлерді тұрғызуға және кварталішілік аумақтарды тығыздандыруға жол берілмейді - Мамин


Астана. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жаңа баспана құрылыстарында жеке дара үйлерді тұрғызуға және кварталішілік аумақтарды тығыздандыруға жол берілмейді. Бұл туралы тұрғындар алдында есеп берген Астана қаласының әкімі Асқан Мамин құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2011 жылға дейін қаланың әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етіп, қаланың қалыптасқан бөлігіне қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде аймақтық бағдарлама қабылданып жүзеге асырылуда. Ол бойынша 593 мың шаршы метр ескі үйлер бұзылып, орнына 3 млн 160 мың шаршы метр жаңа баспана тұрғызылады. ", -деп еске салды А. Мамин.

"Бұзылатын үйлердің иелері сол ауданда тең бағалы баспана алуға мүмкіндігі болады, ал әлеуметтік қорғалу санатына жататын азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін инвесторлар 478,7 мың шаршы метр үйді коммуналдық жеке меншікке беру жөнінде міндеттеме алып отыр. Сонымен қатар жеке дара үй құрылыстары мен кварталішілік аумақтардың тығыздалуына жол берілмейді ", - деді ол.

Қала әкімі айтқанындай, 2030 жылға дейінгі Астана қаласын дамытудың бас жоспарына енгізілген тұжырымдық өзгертулеріне халықаралық сараптау жасалды. "Қазіргі уақытта жобалау мен құрылыс кезінде әлемдік талаптарды қамтамасыз ету мақсатында қала құрылысының нормалары қайта қаралып, "Астананың мәртебесі жөніндегі" заңға сәйкес бас жоспарды өзгертудің бірінші кезеңі бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны