30.11.2007, 10:52 3286

Астанада жаңа ірі базар салынбақ

Астанада жаңа ірі базар салынбақ

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жаңа ірі базар салынады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен дүйсенбі күні Астана әкімі Асқар Мамин шұғыл жиналыс жұмысына қатыса отырып, жаңа базар құрылысы туралы мәселені көтерген. Ол базарда негізгі азық-түлік өнімдерін өндірушідердің бағасымен сатуды ұйымдастыру көзделіп отыр.

Астананың Коммуналдық меншік қорының директоры Василий Петрущакқа ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз сататын "Шапағат" коммуналдық базары сияқты жаңа, ірі базардың орналасатын жері туралы ұсыныс енгізу тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны