21.07.2008, 11:56 1433

Астанада жаңа көпір бұзылғалы жатыр - газет

Астанада жаңа көпір бұзылғалы жатыр - газет

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қаланың аса маңызды көлік қатынасы тораптарының біріндегі жаңа көпір бұзылғалы жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Караван" апталығына сілтеме жасай отырып.

"Орталық базарды қаладан шеткері жаққа көшірген кезде оған қатынау қиын болмайды деп жоспарланған. Темір жол арқылы қуатты көпір құрылысы бітуге таяған болатын. Алайда, барлық мерзімдер аяқталды. Ал көпір пайдалануға берілмеді. Қазір тіпті жай көзбен қарағанның өзінде көпірдің шөгіп, барлық жерлерінде сызаттар пайда бола бастағаны көрініп тұр", - деп жазады газет.

Басылымның хабарлауынша, биліктегілер кінәлілерді іздестіре бастаған. Бұл, біріншіден, Ресейдің жобалаушылары, екіншіден, бас мердігер - түрік құрылыс компаниясы болуы мүмкін. "Бұның барлығы әзірге тек болжам ғана. Сарапшылар өз жұмыстарын жалғастыруда. Ал қазіргі таңдағы белгілі жайт - көпірдің жөндеуге де жарамайтындығы. Оны жедел бөлшектеп алып, жаңасын салу керек", - деп көрсетілген мақалада.

Автордың жазуынша, қазіргі уақытта Елорда әкімшілігі мақсаттық тансферт бойынша мемлекеттік бюджеттен көпір құрылысына аударылған ақшаны қайтару жолын қарастырып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны