29.10.2007, 14:43 2927

Астанада жаңа саябақ құрылысы басталды

Астанада жаңа саябақ құрылысы басталды.

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жалпы алаңы 200 гектарды құрайтын жаңа саябақтың құрылысы басталды, ол Есіл өзенінің жағасында, "Ақ-Орда" сарайынан Тельман аулына қарай орналасатын болады. Бұл туралы бүгін қалалық мекемелер мен қызметтердің басшыларының қатысуымен өткен жедел отырыста "Астана-Зеленстрой" АҚ бас директоры Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта нысанда тағайындалған аумақ шетінде жоспарлама жүргізіліп, инертті және басқа да қажетті материалдар сақтау үшін уақытша сақтау алаңы орнатылған. 5200 ағаш отырғызылған.

Отырыс барысында атап көрсетілгеніндей, аталмыш жоба Есіл өзенінің жағалауындағы жасыл дәліз құру аясында жүзеге асырылуда. Құрылысты аяқтау 2009 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Астанада 2 саябақ өз есігін ашты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны