10.04.2009, 14:32 2801

Астанада жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің "Ломоносов-2009" атты халықаралық конференциясы басталды

Астанада жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің "Ломоносов-2009" атты халықаралық конференциясы басталды

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің "Ломоносов-2009" атты халықаралық конференциясы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мұндай конференция өткізу - Мәскеу университетінің дәстүрі. Осыдан үш жыл бұрын конференцияға 16 ЖОО қатысса, биыл үш елден 50-ге жуық жоғары оқу орны қатысып отыр. Біз бұл конференцияны Қазақстан президентінің Еуразиялық одақ идеясын жария ету жөніндегі бастамасының 15-жылдығына арнадық", -деді Ломоносов атындағы ММУ-нің Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович.

Оның айтуынша, конференция шеңберінде ертең ММУ-нің Қазақстандық филиалының "Достық - Дружба" атты ғылыми-білім беру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны