22.08.2016, 18:58 3610

Астанада "жасыл" экономика мен энергетика, тұрақты дамуды қолдау мақсатында әйелдердіӊ қосатын үлесіне арналған дөӊгелек үстел өтеді

23 тамызда "Технологиялардыӊ Ұлттық Академиясы" Білім тарату орталығында "ЭКСПО-2017-әйелдердіӊ ғылым, бизнес, мәдениет және өнерде жеткен жетістіктерін көрсететін алаӊ" атты дөӊгелек үстел өтеді.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - 23 тамызда "Технологиялардыӊ Ұлттық Академиясы" Білім тарату орталығында "ЭКСПО-2017-әйелдердіӊ ғылым, бизнес, мәдениет және өнерде жеткен жетістіктерін көрсететін алаӊ" атты дөӊгелек үстел өтеді.

Аталмыш іс шара тұрғындар арасында Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесі мен "жасыл экономиканы" дәріптеу мақсатында мемлекеттік емес ұйымдарды жұмылдыру арқылы іс шараларды ұйымдастыру жобасы аясында өткізіледі, деп хабарлайды ЭКСПО дирекциясы.

Дөӊгелек үстел Астана қаласыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ қаржылай қолдауы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ийелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, "EXPO&WOMEN" Халықаралық ұйымыныӊ ресми қолдауымен "Қазақстан әйелдері Қауымдастығы" ҚҰ болып табылады.

Дөӊгелек үстел мақсаты : Қазақстан әйелдерініӊ жасыл экономиканыӊ дамуына қосатын үлестері, экология жағынан тиімді технологиялар, институнионалды жобалар, заӊды, азаматтық және халықаралық бастамалар, тұрақты дамуды насихаттау мен климаттыӊ жаһанды өзгеру проблемаларын шешу.

Жұмыс аясында "ЭКСПО-2017-Қазақстанныӊ жасыл және энергия тиімді экономикаға өтуі" атты семинар тренинг өткізіледі деп жоспарланып отыр. Семинарды "Ақбота" ҚҚ директоры, жасыл экономика саласындағы сарапшы Т.Н. Немцан жүргізеді. Тренинг барысында қатысушылар жүзеге асқан жасыл жобалар мен тәжірибелермен танысатын болады. Іс шара барысында қатысушылар "жасыл" экономика мен энергетика, тұрақты дамуды қолдау мақсатында әйелдердіӊ ғылым мен инновацияға қосатын үлестері; республикалық "Online Expo-2017" сайысы қатысушыларыныӊ ұсынған жасыл жобалары; ЭКСПО-2017 көрмесінде әйелдердіӊ жасыл инновациялар павильонын құру бастамалары сұрақтары талқыланады.

Спикерлер ретінде ҚР Парламент мәжілісініӊ IV, V шақырылмадрыныӊ депутаты А.С. Соловьева, "EXPO&WOMEN" Халықаралық ұйымыныӊ төралқа төрайымы С.Т. Рақымбекова, "Қазақстан әйелдері Қауымдастығы" ҚҰ Президенті Г.А.Баимбетова, бизнес өкілдері, қолөнершілер және БАҚ қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны