30.10.2018, 14:13 6712

Астанада жастар арасындағы діни экстремизмніӊ алдын алу мәселелері талқыланды

Конференция Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында, әйелдер мен жастар үкіметтік емес ұйымдарыныӊ мемлекеттік органдармен қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру жұмысындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 25 қазанда Астана қаласында "Жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі және радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарыныӊ рөлі" атты конференция өтті.

Конференция Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында, әйелдер мен жастар үкіметтік емес ұйымдарыныӊ мемлекеттік органдармен қоғамда радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру жұмысындағы өзара әрекеттесу мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған конференцияда зайырлы мемлекеттегі дін мәселелері, жастарға діни экстремизмніӊ әсер етуін болдырмау, рухани-адамгершілік тәрбие беру, жас қазақстандықтардыӊ азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, сондай-ақ деструктивті, радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырудағы әйелдер ұйымдарыныӊ рөлі жөніндегі мәселелері талқыланды.

Қоғамдық даму министрлігініӊ Қоғамдық келісім комитетініӊ жетекшісі Қайсар Жанаханов өз құттықтау сөзінде: "Біз жаӊа қоғам құру жолындамыз, сондықтан, жастарымызға тәрбие беру мәселесіне ерекше көӊіл бөлеміз. Өйткені, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, халқымыздыӊ салт-дәстүрлерін жалғастыру мен бекемдеу жауапкершілігі - жастарға жүктелген" деп атап өтті.

Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Төрағасыныӊ орынбасары Ляззат Сүлеймен, Қазақстанныӊ іскер әйелдер қауымдастығыныӊ президенті Раушан Сәрсембаева, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығыныӊ директоры Айнұр Ибдрасілқызы, дінтанушылар мен ғалымдар, жастар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері болды.

Жалпы конференция жұмысына 120-дан астам адам қатысты, олар - мемлекеттік органдардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, әйелдер ұйымдарыныӊ, жоғары оқу орындарыныӊ өкілдері, сондай-ақ республиканыӊ жер-жерінен келген жастар қозғалысы мен қоғамдық пікір көшбасшылары.

Сондай ақ, өз кезегінде бұл мәселемен бірнеше жыл бойы айналысып жүрген Павлодар облысыныӊ Конфессияаралық байланыстарды дамыту мен сараптама Орталығыныӊ директор Гүлназ Раздықова да, бүгінгі таӊда еӊ алдыменен көпконфессиялы қоғамныӊ барлық деӊгейлерініӊ, мемлекеттік органдардыӊ, қоғамдық бірлестіктердіӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, ғалымдардыӊ, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ күш-жігерін экстремизммен күреске жұмылдыру қажет екендігін атап айтқан. Экстремизм идеологиясын болдыртпау бағытындағы жұмыс мемлекеттік деӊгейде және қоғамныӊ осы мәселелерге қатысты әсерін сезіну дәрежесінде жүргізілу қажеттігін айтты.

Ийелдер және жастар ұйымдарыныӊ өкілдері түрлі мақсатты топтармен алдын алу жұмысын жүргізудіӊ іс жүзіндегі тәжірибесімен бөлісті.

Жалпы конференция жұмысыныӊ нәтижесінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жастар мен әйелдер ұйымдарыныӊ өкілдері біріктірілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны