20.07.2018, 19:18 5933

Астанада "Жастар ынтымағы жарасқан аула үшін" атты эко - акциясы өтті

2018 жылдыӊ 20-шы мамыр айынан 15 маусым аралығында "ECO school", "ECO college", "ECO university"атты байқаулар өткізілді. Байқауға Қазақстан Халық Ассамблеясы өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, СЭС өкілдері анализ топтамаларын және экологиялық әлеуетті талдау мониторингін жүргізіп еӊ белсенді қатысушыларды номинациялар бойынша таӊдады.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерей тойына байланысты "Жастар ынтымағы жарасқан аула үшін" жобасы аясында Астана қаласы әкімшілігі , "Астана жастары" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі экологиялық мәдениетті және белсенді азаматтық ұстанымдарды қалыптастырды. Қаланыӊ экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, мамыр айыныӊ 20 жұлдызынан бастап, 20-ға жуық экологиялық іс-шаралар іске қосылды.

2018 жылдыӊ 20-шы мамыр айынан 15 маусым аралығында "ECO school", "ECO college", "ECO university"атты байқаулар өткізілді. Байқауға Қазақстан Халық Ассамблеясы өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, СЭС өкілдері анализ топтамаларын және экологиялық әлеуетті талдау мониторингін жүргізіп еӊ белсенді қатысушыларды номинациялар бойынша таӊдады.

Сондай-ақ, жоба аясында 2018 жылдыӊ 11- 20 шілде аралығында қаланыӊ 4 ауданы бойынша, 20 ауланы жинайтын "Жастар ынтымағы жарасқан аула үшін" атты эко - акциясы өтті. Акция барысында аниматорлар, концерттік бағдарлама және зияткерлік ойындар жүргізілді.

Акция нәтижесінде әр байқауға байланысты номинация бойынша марапаттау және акцияны қорытындылайтын гала - концерт 2018 жылдыӊ шілде айыныӊ 22 жұлдызында "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында сағат 16:00 де өтеді. Концерт ҚР эстрада жұлдыздарыныӊ өнер көрсетуімен өтеді. Соныӊ ішінде Бейбіт Қорған, "Табрис" тобы, ДОС және тағы басқалары.

Сондай-ақ, өткен акция бойынша конкурстыӊ жеӊімпаздарына марапаттаулар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

o 1 орын-300 000 тенге

o 2 орын -200 000 тенге

o 3 орын - 100 000 тенге

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны