22.08.2018, 19:51 3427

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадаларыныӊ III республикалық жарысы өтеді

Мұндай жарыстар медициналық мамандарды кәсіби даярлауда әлсіздіктерді анықтау жолымен үйлесімді жұмыс жасауға, корпоративтік рух және қатысушыларға ұмытылмас тәжірибе береді, сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін қажет.

Астана. 22 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 5 және 7 қыркүйек аралығында елордада жедел медициналық жәрдем бригадаларыныӊ III республикалық жарысы өтеді. Жарысқа Қазақстанныӊ барлық өӊірлерінен командалар қатысады.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, "Астана" оқу-клиникалық орталығы және Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы.

Алғашқы жедел медициналық жәрдем бригадаларыныӊ жарысы 2016 жылдыӊ маусым айында Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Жарыс соӊғы жылдары қазақстандық мамандар қатысып жүрген Литвада он жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде өтетін Халықаралық жедел-жәрдем бригадаларыныӊ жарысы тәжірибесініӊ негізінде ұйымдастырылды. Жарысқа қатысқан Алматы және Астана қалаларыныӊ жедел медициналық жәрдем бригадалары өздерін лайықты көрсетіп, жүлделі 2-ші және 1-ші орындарға ие болып жүр.

Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерініӊ үйлесімді жұмысы мен біліктілігі адамныӊ денсаулығы мен өмірін сақтап қалады. Олар көбінесе төтенше жағдайларда жұмыс істейді - шақыртуларға дереу жауап беріп, дереу көмектеседі.

Жарыс бағдарламасында: қатысушылардыӊ белгілі станцияларды өтумен, мысалы анафилактикалық шок, нәрестені реанимациялау, политравма кезінде ситуациялық тапсырмаларды орындауы. "Оқиға" орнында манекендер және стандартталған пациенттер пайдаланылады.

Жарыс барысында шұғыл жағдайлар бойынша "Астана" оқу-клиникалық орталығыныӊ жетекші мамандарыныӊ, Ресей, Израиль, АҚШ өкілдерініӊ мастер-кластары жоспарлануда. Жедел медициналық жәрдем бригадалары төтенше жағдай, мысалы, көптеген зардап шегушілермен болған жол-көлік оқиғасы кезінде медициналық көмек көрсетуді үйренеді.

Білім, жылдамдық және іс-әрекеттердіӊ келісілімділігін құрамында отандық және шетелдік сарапшылар бар құзіретті қазылар алқасы бағалайды. Жеӊімпаздар "ҚДСЖМ" Қазақстандық медицина университетіне, "Астана" оқу-клиникалық орталығына және т.б. еліміздіӊ үздік оқу орындарында оқуға сертификат алады.

Жедел медициналық жәрдем бригадаларыныӊ жарысын өткізу көпшіліктіӊ қатысуымен өтетін шаралар барысында, шұғыл жағдайлар туындаған кезде барынша шынайы клиникалық жағдайды тудыра отырып, алғашқы көмек көрсетудіӊ дағдыларын оқытуға мүмкіндік береді.

Симуляциялық технологиялар пациенттіӊ денсаулығына қауіп төндірмейтін оӊтайлы, қауіпсіз оқу ортасын құруға, тек практикалық дағдыларды ғана емес, коммуникативті дағдыларды да үйреніп, командада тиімді жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында отандық өндірушілердіӊ медициналық техникасыныӊ, дәрілік заттарыныӊ көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.

Мұндай жарыстар медициналық мамандарды кәсіби даярлауда әлсіздіктерді анықтау жолымен үйлесімді жұмыс жасауға, корпоративтік рух және қатысушыларға ұмытылмас тәжірибе береді, сондай-ақ, тәжірибе алмасу үшін қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны