04.09.2018, 16:38 4262

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадаларыныӊ III республикалық жарысы өтеді

Іс-шараны өткізудіӊ мақсаты: ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 5 және 7 қыркүйек аралығында Астанада Қазақстанныӊ барлық өӊірініӊ және Литваныӊ командаларыныӊ қатысуымен жедел медициналық жәрдем бригадаларыныӊ III республикалық жарысы өтеді.

Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ қолдауымен ҚРДенсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және "Астана" оқу-клиникалық орталығы.

Іс-шараны өткізудіӊ мақсаты: ұлттық және халықаралық стандарттарды ескере отырып, халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын жетілдіру.

Жарыс бағдарламасында: қатысушылардыӊ белгілі станцияларды өтумен, мысалы анафилактикалық шок, нәрестені реанимациялау, көпсалалы жарақат алған жағдайдағы тапсырмаларды орындауы. Оқиға орнында манекендер пайдаланылады.

Шара барысында шұғыл жағдайлар бойынша "Астана" клиникалық орталығыныӊ жетекші мамандарыныӊ, Ресей, Израиль, ҚХР, Малайзия және басқа елдер өкілдерініӊ шеберлік сабақтары, жарыстар және оларды қорытындылау, марапаттау рәсімі; төтенше жағдайларға қатысатын жедел медициналық жәрдем бригадаларына санитарлық автокөлік және медициналық жабдықтар табыстау; командалардыӊ триаж жүйесінде жұмыс істеу дағдыларын және командалық жұмысты көрсетуін, сондай-ақ, отандық өндірушілердіӊ медициналық техникасыныӊ, дәрілік заттарыныӊ көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны