05.05.2010, 11:23 1549

Астанада Жеңістің 65 жылдығы күні 25 артиллериялық оқ атумен отшашу беріледі

Астанада Жеңістің 65 жылдығы күні 25 артиллериялық оқ атумен отшашу беріледі

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков мамырдың 7-сі мен 9-ында Астанада мерекелік отшашу өткізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

"Отан қорғаушы күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрғақтағы әскерінің қолбасшысына Астана қаласында мамырдың 7-сі күні сағат 22.00-де - 18 дүркін артиллериялық оқу атумен, мамырдың 9-ында сағат 22.00-де - 25 дүркін артиллериялық оқу атумен отшашу беру бұйырылады", делінген мәтінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны