24.07.2008, 11:59 1387

Астанада "Жер қойнауын пайдаланушылармен салық салудағы құқық қолдану тәжірибесінің көкейкестілі мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Астанада "Жер қойнауын пайдаланушылармен салық салудағы құқық қолдану тәжірибесінің көкейкестілі мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Астана. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Құқықтық зерттеу және талдау институты және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен бірге 25 шілде 2008 жылы Астана қаласында "Жер қойнауын пайдаланушылармен салық салудағы құқық қолдану тәжірибесінің көкейкестілі мәселелері" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің салық комитетіне сілтеме жасап.

Іс-шара өткізу барысында, салық салу тәртібін сақтау және инвестицияның жауапкершілігін жоғарлату жағдайында Қазақстан Республикасы заңнамаларының яғни (салық, кеден, экология және өнеркәсіп қауіпсіздік аумағындағы еңбек және т.б.) ережелерін қолданудың көкейкестілі сұрақтары қарастырылады. Сонымен қатар, салық даулары және инвестициялық қарау аумағындағы халықаралық сот төрелік тәжірибесіне сәйкес сұрақтарын талқылауды ұйғарады.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының үкімет мүшелері, парламент палаталарының депутаттары, президент әкімшілігінің өкілдері, ведомство және министрліктердің жауапты қызметкерлері, "Самұрық Холдингі" АҚ, "ҚазМұнайГаз МК" АҚ, шетел инвесторларының кеңесшілері, жер қойнауын пайдаланушылар қауымдастығы, Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз және энергетикалық кешенді игеру жобаларын іске асыруды жүзеге асырушы қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдері мен қоғамдық және кәсіподақтық ұйымдар қатысады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары және сонымен қатар салық төлеуді толық қамтамасыз ету және басқа да мемлекеттің бюджетіне төленетін міндетті төлемдерді қамтамасыз ету аумағында тікелей қызметтерді жүзеге асыратын қырынды салық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Іс-шарада отандық және шетел жетекші-сарапшылары, қазақстандық және шетел ғалымдар-цивилистер мен заң кеңесшілері, Құқықтық зерттеу және талдау институтының консультативтік кеңесінің мүшелері, оның ішінде Ресей Федерациясының Жоғарғы сот төрелігінің сарапшылары мен судьялары, Ресейдің Жоғарғы оқу орындарының профессорлары, Reed Smith Richards Butler (Ұлыбритания) ірі халықаралық заң фирмасының серіктестері сөз сөйлейді. Сарапшыларды таныстыру рәсімінің тақырыптары осы саладағы түрлі механизмдер арқылы жер қойнауын пайдаланушылармен салық салуды реттеу тәжірибесін, сондай-ақ, экономикадағы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету үшін заңнамаларды қолдану тәжірибесін қосады.

Конференция жұмысына қатысуға мүдделі компаниялардың өкілдері- жер қойнауын пайдаланушылар, сонымен қатар қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар шақырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны