19.11.2012, 12:21 2592

Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада салынып жатқан пәтерлер саны азайып, оның есесіне, жекеменшік үйлер құрылысы ұлғайды. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.

Астана. 18-қараша. Kazakhstan Today - Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада салынып жатқан пәтерлер саны азайып, оның есесіне, жекеменшік үйлер құрылысы ұлғайды. Бұл жайында елорданың ресми сайты хабарлап отыр.

Статистика департаментінің мәліметінше, 2012 жылдың қаңтары мен қазаны арасында елордада жалпы көлемі 1 млн. шаршы метрден астам 11 049 пәтер пайдалануға берілген. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9 % төмен.

"Жеке үй салушылар аталған мерзімде жалпы көлемі 40 мың шаршы метрден астам үй салған. Бұл 2011 жылдың қаңтар-қазан айлары деңгейімен салыстырғанда 102,9%-ды құрайды. Сонымен, жеке үй салушылардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 3,5%-дан 3,9%-ға өсіп отыр", - деп мәлімдейді Статистика департаменті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны