25.09.2006, 13:47 3120

Астанада жыл басынан бері құрылыс нормаларын бұзуға қатысты 348 оқиға анықталды

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанада жыл басынан бері құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуға қатысты 348 оқиға анықталды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы Жұма Жабалиев мәлімдеді, деп хабарлайлы Kazakhstan Today тілшісі.

"Жоспарлы тексерулердің қорытындысы бойынша құрылыс нормалары мен ережелерін бұзуға қатысты 348 нұсқау берілді. Қазіргі жағдаймен олардың 280-і жойылды. Қалған 68-і тұрақты бақылауда",- деді Астана қаласының жаңа әкіміне есеп беруге арналған шұғыл кеңесте Ж.Жабалиев.

"Құрылыс компаниялары көп жағдайда жобалық-сметалық құжаттардың толық еместігіне, мемлекеттік сараптаманың жасалмауына және тапсырыс берушілер тарапынан құжаттарды дер кезінде рәсімдемеуге байланысты заң бұзады",- деді басқарма бастығы.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Астанада 736 нысандар мен кешендер құрылысы салынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны