05.09.2016, 08:59 2047

Астанада жыл басынан бері жастар тәжірибесінен өткен 182 жас маман жұмысқа қабылданды

Астана қаласы әкімдігініӊ Жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері 486 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберді.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласы әкімдігініӊ Жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері 486 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберді. Бүгінде олардын 335-і алғашқы тәжірибелерін алып, 182-і тұрақты жұмысқа қабылданды, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

Жастар практикасы оқыған мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде және жеке меншікті ұйымдарда алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Жастар практикасы білім беру ұйымдарыныӊ түлектеріне оқыған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға бағытталған. Жастар практикасына қатысушылардыӊ еӊбекақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бүгінде оныӊ мөлшері айына 53 800 теӊгені құрайды.

Айта кетейік, жұмыс орындарыныӊ саны шектелмеген, бұл уақытша ғана жасалып отыр. Бұл ретте соӊғы үш жылда жұмыссыздар ретінде тіркелген түлектердіӊ жасы 29-дан аспауы керек. Жас маманныӊ Астанада тұрақты тіркеуі, жеке куәлігі мен дипломы болуы керек.

Жұмыссыз азаматты жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарылған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасыныӊ Еӊбек кодексіне сәйкес онымен жеке еӊбек келісімшартын жасайды. Жастар практикасыныӊ ұзақтығы - 6 айдан аспайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны