21.06.2012, 10:19 1607

Астанада жыл соңына дейін жаңа 9 балабақша пайдалануға беріледі

Елордада жыл соңына дейін мектепке дейінгі 9 мекемені және балабақшаларға жапсарлас салынған 2 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Астанада жыл соңына дейін жаңа 9 балабақша пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елордада жыл соңына дейін мектепке дейінгі 9 мекемені және балабақшаларға жапсарлас салынған 2 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұл туралы өзінің жеке блогында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Сонымен, қала басшысы пайдалануға беріледі деген балабақшалар мыналар:

1. Пригородный тұрғын үй алқабы ауданында, Сарытоғай көшесі бойында орналасқан 280 орындық балабақша. 2012 жылдың қарашасында пайдалануға беру жоспарланған.

2. №14 көше ауданында орналасқан балабақша - 2012 жылдың қарашасы.

3. №14 көше ауданында (Жұмабаев көшесінен оңтүстік-батысқа қарай) орналасқан балабақша - 2012 жылдың қарашасы.

4. Сарайшық көшесінің оңтүстігіне, Жұмабаев көшесінің шығысына қарай орналасқан 280 орындық балабақша - 2012 жылдың 30 маусымы.

5. Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан 240 орындық балабақша - 2012 жылдың 30 маусымы.

6. С.Сейфуллин көшесінің оңтүстігіне қарай орналасқан 240 орындық балабақша - 2012 жылдың 30 шілдесі.

7. Есіл өзенінің сол жағалауында №3 шағын ауданда орналасқан 240 орындық балабақша - 2012 жылдың тамызы.

8. Интернациональный ауылындағы 240 орындық балабақша - 2012 жылдың тамызы.

9. Көктал-2 тұрғын алқабындағы 240 орындық балабақша - 2012 жылдың желтоқсаны.

10. Біржан сал көшесі бойында орналасқан №4 "Рябинка" балабақшасына жапсарлас нысан - 2012 жылдың қарашасы.

11. №4 шағын ауданда Мирзоян мен Петров көшелері бойынша орналасқан №9 "Журавушка" балабақшасына жапсарлас нысан - 2012 жылдың шілдесі.

Сонымен қатар елорда әкімінің жазуынша, Дауылпаз бен Ақыртас көшелерінің қиылысы ауданында тағы бір балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Оның құрылысын 2013 жылдың наурызында аяқтау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны