02.10.2007, 14:41 2626

Астанада жылыту маусымы жоспарланған мерзімнен ерте басталады - Астана әкімі

Астанада жылыту маусымы жоспарланған мерзімнен ерте басталады - Астана әкімі

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жылыту маусымы 15-қазанда басталады. Бұл астанада қазанның бірінші онкүндігінде ауа-райының күрт суытатындығымен байланысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Астана әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Нормативтерге сәйкес жылыту маусымын бастау үшін ауа-райының үш күн ішіндегі орташа тәуліктік температурасы 10 грдус жылыдан төмен болуға тиіс. Осыған сәйкес, астана әкімі орталықтандырылған жылуды қазанның ортасына дейін беру туралы шешім қабылдады",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

"Астанаэнергосервис" компаниясының бекітілген кестесіне сәйкес, қыркүйектің үшінші онкүндігінде нысандарды жылу жүйесіне кезең-кезеңмен қосу басталған. "Бірінші кезекте жылу мектеп жасына дейінгі мекемелерге, бірқатар мектептер мен ауруханаларға берілген. 28-қыркүйекте Астанада жылуға 59 мекеме қосылған",- деді баспасөз қызметіндегілер.

"Астанаэнергосервис" компаниясы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Жөндеу науқаны мен құрылғыларды модернизациялау 2007/2008 жылдардағы жылыту маусымын штаттық режимде өткізуге және жылу мен электр қуатын үзіліссіз беруге мүмкіндік береді",- деп хабарлады әкімшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны