11.02.2016, 09:28 3052

Астанада жоғалып кеткен студенттіӊ ісіне қатысты 3 күдікті ұсталды

Астанада полицейлер жедел іздестіру шарасы кезінде жоғалып кеткен студенттіӊ ісіне қатысты 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметі

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада полицейлер жедел іздестіру шарасы кезінде жоғалып кеткен студенттіӊ ісіне қатысты 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"10 ақпанда сағат 22.00 шамасында жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қалалық ІІД-ніӊ қызметкерлері із-түзсіз кеткен 1992 жылғы Ерасыл Иубәкіровтіӊ өлі денесін тапты", делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен үш күдікті тұлға Астана қалалық ІІД-ніӊ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Астанада 23 жастағы медицина ЖОО-ныӊ студенті емтихан қарсаӊында жоғалып кеткен. Студентті достары, туыстары іздестіріп, оны табуға еріктілер де жұмылдырылған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны