29.06.2010, 17:04 2973

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектелді

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін Жеңіс даңғылында - Бөгенбай батыр даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін толықтай көлік қозғалысы шектелді.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Астана қаласының Жол полициясы басқармасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін Жеңіс даңғылында - Бөгенбай батыр даңғылынан Жангелдин көшесіне дейін толықтай көлік қозғалысы шектелді.

Қорғалжын трассасында - Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақта көлік қозғалысы ішінара шектелді.

Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына байланысты Б.Момышұлы көшесінде - Мирзоян көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі аумақта ішінара қозғалыс шектелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны