24.04.2013, 16:02 3408

Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, жолдарды жоспарлы жөндеуге және жаңартуға байланысты 24 сәуірде бірқатар қала көшелерінің қозғалыс бөлігі жабылды.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшелер жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, жолдарды жоспарлы жөндеуге және жаңартуға байланысты 24 сәуірде бірқатар қала көшелерінің қозғалыс бөлігі жабылды.

Жол бөліктері мына көше учаскелерінде толық жабылды:

- Есенберлин к-сі - Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін;

- Москва к-сі - Иуезов к-сінен Бейбітшілік к-сіне және Бейбітшілік к-сінен Желтоқсан к-сіне дейін;

- Жангелдин к-сі - Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін.

Жартылай жабылған көшелердің жол учаскелері:

- Уәлиханов к-сі - С.Сейфуллин к-сінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін (фрезерлендіру, асфальттау).

- Тұран даңғылы - Қорғалжын тас жолынан көпірге дейін (жарылған жерлерді бітеу);

- Илиев к-сі - Тәуелсіздік даңғылынан Орынбор к-сіне дейін (шұңғырлар мен ойықтарды бітеу);

- Абай даңғылы - Пушкин к-сінен Бейбітшілік көшесіне дейін. (шұңғырлар мен ойықтарды бітеу);

- Республика даңғылы - Сейфуллин к-сі (тегістеу);

- Республика даңғылы - Кенесары к-сі (тегістеу).

- Сарыарқа даңғ -Кенесары к-сі (оң жаққа кету жолы);

- Бараев к-сі, "Центркредит" банкке қарсы (аялдама қалтасын кеңейту);

- "Астана парк" автотұрағы Тұран даңғылына дейін (апатты жарықтар).

Сонымен қатар келесі көшелер учаскелерінде жол белгілері жүргізіледі:

- Қорғалжын тас жолы -Тұран даңғылынан Бейсеков к-сіне дейін (белгілерді жаңарту);

- ?801 к-сі (белгілерді жаңарту);

- Алматы к-сі - Сауран к-сінен Орынбор к-сіне дейін (белгілерді жаңарту);

- Тұран мен Қабанбай батыр даңғылы арасындағы орам ішілік жол бөлігі (белгілерді жаңарту);

- Керей, Жәнібек хандар к-сі - Тұран даңғылынан ?36 к-сіне дейін (белгілерді жаңарту).

- Мұғалжар (белгілерді жаңарту);

- Орталық парк (белгілерді жаңарту);

- Нұржол (белгілерді жаңарту).

Қосымша: қала көшелерінде кептеліс жағдайларын болдырмау үшін 08-00-ден 10-00-ге, 13-00-ден 15-00-ге және 17-00-ден 20-00-ге дейін "қауырт кезде" жолда жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны