30.06.2018, 01:21 9098

Астанада Жұқпалы емес аурулардыӊ (ЖЕА) тәуекелі факторларын төмендету бойынша жұмыс тобыныӊ отырысы өтті

Егер 19-шы ғасырда адамдар негізінен жұқпалы аурулардан өлген болса, ал 20-21 ғасырларда дүниежүзі бойынша өлімге алып келу жағдайларыныӊ басым көпшілігініӊ себептері жұқпалы емес аурулар болып табылады, олар 4 негізгі түрге бөлінеді: жүрек-қан тамырыныӊ аурулары (инсульт және инфаркт), қатерлі ісік, созылмалы тыныс жолдары аурулары (ХОБЛ және демікпе) және диабет.

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Астанада Жұқпалы емес аурулардыӊ (ЖЕА) тәуекелі факторларын төмендету бойынша жұмыс тобыныӊ отырысы өтті. Отырыста Жұмыс тобы әзірлеген Жұқпалы емес аурулардыӊ тәуекелі факторларын төмендету тұжырымдамасы ұсынылды және оны іске асыру бойынша жол картасы мәселелері талқыланды.

Сарапшылар 20-шы ғасырда өлімге алып келу себептерініӊ шұғыл өзгеруі орын алғанын атап өтті. Егер 19-шы ғасырда адамдар негізінен жұқпалы аурулардан өлген болса, ал 20-21 ғасырларда дүниежүзі бойынша өлімге алып келу жағдайларыныӊ басым көпшілігініӊ себептері жұқпалы емес аурулар болып табылады, олар 4 негізгі түрге бөлінеді: жүрек-қан тамырыныӊ аурулары (инсульт және инфаркт), қатерлі ісік, созылмалы тыныс жолдары аурулары (ХОБЛ және демікпе) және диабет.

Еуразиялық медицина қауымдастығыныӊ вице-президенті Петухова Надежда Михайловна атап өткендей: "Тұжырымдама қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттыӊ негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында әзірленген. Жұқпалы емес аурулардыӊ тиімді алдын алу денсаулық сақтау жүйесіне түсетін қаржылық және әкімшілік жүктемені елеулі төмендетуі, еліміздіӊ тұрғындарыныӊ әл-ауқатын арттыруы, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін сенімді іргетасты бекітуі мүмкін."

Қазақстан Республикасында жалпы өлімге алып келетін жағдайлар құрылымында негізгі себептер қан айналымы жүйесініӊ аурулары және жаӊадан қалыптасқан қатерлі ісіктер болып табылады және тәуекелдердіӊ негізгі көздері (82%): алкоголь, темекі тарту және дұрыс тамақтанбау.

Бұған дейін дәлелденгендей, алкогольды шектен тыс пайдалану еӊбекке жарамдылық қабілетін жоғалтуға, мезгілінен бұрын қайтыс болуға немесе басқа да кері салдарларға алып келетін 60-тан астам аурулардыӊ себебі болып табылады. Темекі тарту өкпе қатерлі ісігіне, туберкулезге және созылмалы асқынған өкпе ауруларына алып келеді. Қазақ тамақтану академиясыныӊ деректеріне сәйкес, жұқпалы емес аурулардыӊ (ЖЕА), оныӊ ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларыныӊ (ЖҚА) дамуында жануарлар майларын (майлы қышқылдар мен холестеринге бай); қоректік құндылығы төмендетілген қайта өӊделген өнімдерді, тазартылған өсімдік майларын және қантты тұтыну, сондай-ақ тәуліктік рационда көкөністер мен жемістердіӊ жеткілікті саныныӊ болмауы негізгі рөл ойнайды.

ЖТ жетекшісі және "Аман-саулық" ҚҚ Президенті Бақыт Ниязбекқызы Туменова " Тұжырымдамада қолданыстағы еӊ үздік халықаралық практиканыӊ базасында ЖЕА көздерінен болатын зиянды төмендетудіӊ негізгі әдістері мен жолдары баяндалған. "Жұмсақ күш" әдісін қолдана отырып, бар күшімізді қоғамныӊ зиянды әдеттерден олардыӊ баламалы түрлеріне қарай саналы бас тартуға жұмылдыру керек. Ғылым, инновация және қазіргі заманғы технологиялар бүгінгі таӊда адам денсаулығына келетін зиянды елеулі төмендете отырып, миллиондаған адамдардыӊ өмірін сақтап қалуы мүмкін тұтынушылық өнімдердіӊ кеӊ спектрін ұсынуға қабілетті", - деп санайды.

Жұмыс тобыныӊ шеӊберінде қоғамды репродуктивті денсаулық тәуекелдеріне және есірткіге тәуелді адамдар үшін орнын басатын терапияны қолдануға қатысты мәселелер жөнінде шынайы және сапалы ақпараттандыру, баламалы өнімдерді ескере отырып тамақтану, теӊдестірілген алкоголь саясаты, темекіден бас тарту бойынша кешенді шараларды қамтамасыз ету жолымен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін тәуекелдердіӊ негізгі факторларына қарсы күресудіӊ әдістері ұсынылды.

Тәуекел факторларын төмендету - бұл жұқпалы емес аурулардыӊ таралуыныӊ жаһандық проблемасын шешудіӊ барынша үнемді және тиімді тәсілі. Бүгінгі таӊда зиянды төмендету тұжырымдамасы бірқатар дамыған елдерде қолдау тапты, атап айтқанда, Ұлыбританияныӊ Денсаулық сақтау министрлігі (Public Health England) зиянды төмендету тұжырымдамасын ұлттыӊ денсаулығын сақтау саласында өз саясатына интеграциялады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны